0 интересует 0 не интересует
спросил 12 Окт, 17 от Айдана в категории Қазақ әдебиеті
редактировать 12 Окт, 17

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует
Ұзын  мұртты  сарылыр
Қойынында  дәні  бар. (Бидай)

***
Мысық мұртты, Өрмек басты. (Бидай)

***
Аласа ғана бойы бар, Қойнына тыққан наны бар. (Бидай)
***
Өзі қызық,
Бауырында бар
Жалғыз сызық,
Бұған жұрттың бәрі де ынтық. (Бидай)
***
Бек тұрған,
Белін буып,
Тек тұрған. (Бау бидай).
***
Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан. (Бидайдың масағы)

***

Тегiс жер кесiлдi,
Арқандай есiлдi.  (Жыртылған жер)

 ***

Қыр басында әрқилы,
Сары теңiз толқиды.   (Егiн)

 ***

Жезге ұқсас сабағы,
Дәнi – халық тамағы.   (Бидай)

***

Асыраған – Ел-жұртты,
Жер мұратты.  (Бидай)

***

Дөңестеу жотасы,
Бауырында сызығы,
Тамақтың атасы,
Баршаның ырзығы.   (Бидай)

 ***

Бұтақ басында
Ұясы бар,
Дәл осында –
Өмiрiң бар.     (Бидай)
ответил 12 Окт, 17 от Жарылғапберді
0 интересует 0 не интересует
Маржанын түзген,
Сатылап тiзген.    (Масақ)

 ***

Бiреу бердiм,
Онын тердiм.    (Тұқым)

***

Аласа терек
Күлтеленген жалына,
Ұнаса керек,
Моншақ таққан малына.   (Тары)

 ***

Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тiс.   (Жүгерi)

***

Табаны суды сүйедi,
Қабағы күнге күйедi.    (Күрiш)

***

Кұндi аңдып шалқалап,
Гүлмен жапқан қалқалап,
Бақшада өскен теректiң
Дәндерiнен май тамар,
Шағып жеген нәр табар.  (Күнбағыс)
ответил 12 Окт, 17 от Айсана
0 интересует 0 не интересует
***

Сырнайынан төгiп жыр,
Күнге сәлем берiп тұр.   (Күнбағыс)

 ***

Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.   (Күнбағыс)

 ***

Жүзiн орап гүлменен,
Күнге қарап телмiрер.
Тiспен шағып,
Тiлменен,
Дәмiн татқан ел бiлер.   (Күнбағыс)

 ***

Кең алқап ақ түске,
Бейне бiр малғандай.
Күзде де, тал түсте,
Қар жауып қалғандай.   (Мақта алқабы)

 ***

Тау тау ақ қар,
Ерiмейдi ыстықта.   (Мақта)

 ***

Үйi де жоқ,
Күйi де жоқ.
Бiрақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды
Шешуiн айта ғой,
Балалар бiлсiн жайды.   (Өсiмдiктер)
ответил 12 Окт, 17 от Сағира