0 интересует 0 не интересует
спросил 6 дней назад от Жанель в категории Қазақ әдебиеті

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Жауабын бірнеше бөлікке бөліп жариялаймын. Әйтпесе ұзақтау, сыймай жатыр.

Дәнді дақылдардан жасалған азық-түліктер адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Олардың құрамында көмірсу мен түрлі дәрумен, минералдар көптеп кездеседі. Табиғи дәнді дақылдардың құрамында майлар өте аз. Олардың арқасында жүрек қан тамырлары ауруына шалдығу қаупін төмендетіп, диабет пен рактың кей түрін алдын алуға болады. Диетолог мамандар өңдеуден өтпеген дәнді тағамдардың денсаулыққа пайдалы екенін айтады.

Жаңғақтар мен шемішкені де дәнді дақылдар қатарына жатқызады. Дәнді дақылдарды өңдеу кезінде олардың сыртқы қабаты алынып тасталады. Кейін ұнтақталып, ұзақ уақыт сақталады. Алайда осы өңдеу кезінде көптеген пайдалы дәрумендер қабығымен бірге кетіп қалып жатады. Тазартылған дәннен ұн, күріш және т.б. әзірлейді. Крекер, десерт, торт сынды тәтті тағамдар осы дәнді дақылдардан жасалды. Алайда дәнді дақылдардан жасалған азық-түліктер минимум энергия, максимум май береді. Сол себепті, оларды тым көп тұтына беруге де болмайды. 

ответил 2 дней назад от Мұхаммед