Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қисса дегеніміз не?

Талқылау
Пікір
Бекзада
12 Қазан, 17

Жалғасы

Осы күнге дейін қазақ әдебиетінде 100-ден астам қисса-хикаялар жарық көрген екен. Олардың барлығы халыққа толықтай жетіп үлгермеген. Қисса жазудың әлдекімдерге қаншалық оңай кәсіп болғанын павлодарлық Ғали Махмұтұлының сөздерінен көруге болады:
“…Жай тұрғанча бір қисса болсұн деп
Егіз баланы деб қисса қылыб йаза салам».
«Павлодар шаһарында саудамыз бар
Керек болса алуға кітаб таяр
Колыңызға алдұрыб табшырармыз
Сомына игірма тиын берсең задатқа”.

Бекзада
12 Қазан, 17

Қисса дегеніміз не? (Жалғасы бар)

Қисса сөзі араб тілінен аударғанда “әңгіме, тарих” деген мағынаны білдіреді. Бұл жанрдың пайда болуына араб әдебиеті тікелей әсер еткен. Себебі, “қисса” деген сөзді алғаш рет XIV ғасырдағы Рабғузидің “Қиссасүл анбия” (“Әулиелер тарихы”) еңбегінен кездестіреміз. Алғашқы қиссалар негізінен дінді уағыздайтын ертегі, әңгіме секілді болып келеді. Кейінгілерінің мазмұны махаббат, ерлік тақырыптарына арналған. Десе де, көпшілігі ислам дінін насихаттауға бағытталған. Қисса сөзінің түп-төркіні араб тілінде жатқанымен, ертеде араб әдебиетінде ондай жанр болмаған. Ол керісінше түркі халықтарының арасында кеңінен тараған. Ал қазақ әдебиетінде жыр, өлең, толғау сияқты жанр түрлері ертеден бар. Бірақ, нақты қисса жанры ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Бастапқыда шығыс әдебиеті сюжетіне құрылған, көлемді, оқиғаға толы шығармаларды қисса деп аталған. Кейін бұл терминнің ауқысы кеңейіп, өлеңмен жазылған дүниелерді қамтыған. “Қисса” деген атпен қазақ әдебиетінде шығыс әдебиетіндегі белгілі бір сюжетке құрылған фантастикалық, лирикалық, ислам дінін насихаттайтын өлеңдерді айтамыз.
 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы