0 интересует 0 не интересует
спросил 16 Март, 16 от Жаннұр в категории Ұстаздарға

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Үшбұрыш - бір түзуде жатпайтын үш нүктеде оларды қосатын үш кесіндіден құралатын, үш бұрышы бар тұйық геометриялық пішін. Оның үш қабырғасы, үш нүтесі және үш бұрышы бар. 

Үшбұрыштың қабырғаларына және бұрыштарына байланысты түрлері болады. 

Үшбұрыш қабырғаларына байланысты:

  • әр қабырғалы;
  • тең бүйірлі;
  • тең қабырғалы болып бөлінеді.

Әр қабырғалы үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы да әр түрлі болғандықтан осылай аталады.

Тең бүйірлі үшбұрыштың атауының сыры екі бүйір қабырғасының тең болуында.

Тең қабырғалы үшбұрыш деп үш қабырғасы да өзара тең үшбұрыш аталады.

Ал бұрыштарына байланысты үшбұрыштың мынадай түрлері бар:

  • сүйір бұрышты;
  • тік бұрышты;
  • доғал бұрышты. 

Сүйір бұрышты үшбұрыштың барлық бұрышы да сүйір болады. 

Егер үшбұрыштың бір бүйірі тік болса, мұндай үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады.

Доғал бұрышты үшбұрыш бұрыштарының бірінің доғал болуына байланысты осындай атауға ие.

ответил 16 Март, 16 от Әнел
редактировать 16 Март, 16 от Мейрамгуль