Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бірінші қабатта тұрамын. Терезеге тор орнатпай-ақ қауіпсіздігімді қалай қамтамасыз ете аламын?

Талқылау
Пікір
Әлия
16 Наурыз, 16

Ұрылар ыңғайлылығына байланысты көбіне бірінші қабаттағы пәтерлерді тонап жатады. Мәселе көпқабатты үйдің кіреберісінен кіру жеңілдігінде ғана емес, көбіне сырттан кіруге тиімділігінде. Әсіресе, терезе үйдің шет жағында болса немесе терезе алдында қаулап өскен өсімдік не үлкен ағаш өссе ұрыларға пәтерге ену үшін қолайлылық туғызады. Терезе сыртына тор орнатпасаңыз да, ең болмағанда етрезенің ашылғанынан хабардар ететін құрылғы орнатыңыз. Сонымен қатар терезе жақтауларына қосымша құлып орнатуыңызға болады. Ұры негізгі құлыпты ашса да, қосымша құлыптар себепті терезені ашу мүмкіндігінен айырылады. 

Ал егер пәтерден ұзақ уақытқа кеткен болсаңыз, бөлмедегі электр жарығын немесе теледидарды, т.б. қосулы қалдырыңыз. Ол арқылы үйде біреу бар іспетті көрінеді. 

Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Нұрбек
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ қай жылы құрылды?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Дефолт дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Социофобия дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Референдум дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Периферия деген не?