Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Дүкенде сынған тауар үшін ақша төлеуім керек пе?

Талқылау
Пікір
Мирасхат
16 Наурыз, 16

Егер орын алған жағдайға өзіңіздің кінәңіз жоқ екенін дәлелдей алсаңыз, онда дүкен иесіне тауар ақшасын төлемейсіз. Ал егер дүкендегі тауар тікелей сіздің қатысыңыз себепті сынып, бұзылған болса, тауардың ақшасын толық төлеуіңізге тура келеді. Еліміздегі заңнамаға сәйкес, біреудің мүлкіне зиян тигізген тұлға оны міндетті түрде өтеуі тиіс. Дүкендегі тауар дүкен иесінің жеке меншік мүлкі болғандықтан, заң бойынша тауар құнын төлеуіңіз талап етіледі.

Қанат
16 Наурыз, 16

Кей кездері дүкенде байқаусызда дүкен тауарын сындырып алатын жағдай орын алып жатады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 917-бабына сүйену керек. 

917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың 
               жалпы негiздерi

      1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. 
      Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн. 
      2. Зиян келтiрушi, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, оны өтеуден босатылады. 
      3. Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда өтелуге тиіс.  

Заңгерлік кеңес категориясындағы басқа сұрақтар
0
Эль
6 ай бұрын пайда болды

Әкеліктен бас тарту үшін не істеу керек? Қандай документ керек?

Сәлеметсіздерме? Мен 2019 да ажырасқанмын. Сол уақыттан бері қызын іздемеді. 4 жыл салып араға алимент 10мың тг төлеп жүрді , енді 6 айдан кетті алимент төлемеді. Бастапқы кезде маған ақша керек емес акеліктен бас тарт делінген, ол бас тартпай жүр. 4 жыл қызын іздемеді. Шымкент қаласында ажырастық, қазір Ақтау қаласында тұрамын. Сотқа арызды қайда барып жазып, әкеліктен және адвокат үстінен жазайын деп едім. Туу туралы куәлігінде әкесінің артында болғанын қаламаймын,өз атағымда болғанын қалаймын,соған көмектесіп айтып жіберсеңіздер қандай документ керегін

0
Акдидар Исакова
1 жыл бұрын пайда болды

2013 жылы күйеуім екеуміз Алматы қаласында қысымен контейнрда тұрып жұмыс істеп ақша жинап жер участкасын алдық. Бірақ жерді алар кезде күйеуім маған айтпай жерді енем атына алған. біз сол жерге өз күшімізбен үй көтердік. Әр қышын өзім тасып беріп тұрдым. Оған көршілерім куә. Енді күйеуім бұл үй шеш...

2013 жылы күйеуім екеуміз Алматы қаласында қысымен контейнрда тұрып жұмыс істеп ақша жинап жер участкасын алдық. Бірақ жерді алар кезде күйеуім маған айтпай жерді енем атына алған. біз сол жерге өз күшімізбен үй көтердік. Әр қышын өзім тасып беріп тұрдым. Оған көршілерім куә. Енді күйеуім бұл үй шешем атында деп 4 баламмен қуып шықты. Мен бұл үйді даулай аламынба. Менің 4 балама да үй тиесіліма. Өтініш жауап берсеңіз.

2
6 жыл бұрын пайда болды

Зейнеттегілер қанша жыл істеулері керек?