0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Март, 16 от Азамат в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Әдетте адам баласы жаман мінез (аямшақтық, агрессия, қорқақтық және т.б.) көрсеткенде ұялып жатады. Себебі мұндай нашар мінез адамды қоғам талқысына салып, ұятқа қалдырады. Ертерек замандарда нашар мінез-құлық танытқан адамдарда қоғамнан қуатын да болған. Ол уақытта ортаңнан жырақтау анық өлім болса, бүгінгі күн де жалғыз қалған адам азап шекпейді дей алмаймыз. Жақындарымен, туыстарымен, дос-жарандарымен, қоғаммен қатынасы, әлеуметтік байланысы  бар адамдарға қарағанда қоғамнан бөлініп қалған адамдарға өмір сүру әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан да, ұятты адам өмірін келеңсіздіктерден қорғап, қоғаммен қатынасын сақатуға сеп болатын адамдық игі қасиет деуге болады.

ответил 17 Март, 16 от Эльдар