0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Март, 16 от Ұлан в категории Өнер және мәдениет

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

АҚШ-тың мемлекеттік әнұранының қазақша аудармасы

Айтшы, көресің бе күннің алғашқы сәулелерінен 

Ұрыста біз бағалаған кешкі жарқылды?

Көк түсте самсаған жұлдыздары бар біздің жолақ туымыз

Ақ-қызыл отымен баррикадаларда қайта көтеріледі.

Түнде  оған жарық түсірген зымыранның жарқылы - 

Жауыз дұшпандарға біздің жауабымыз еді.

Айтшы, ол мәңгілік жасайды ма

Батырлар жерінде, тәуелсіз мемлекетте?

Біздің дұшпандарымыз ұрыстан дамыл табатын

Тұманды тыныштық орнаған жат жағада.

Желмен тербеліп, қайтадан көзден таса болатын 

Бекіністе желбіреген туымыз оларға да көрінеді ме?

Күннің алтын шапағы оған жарқыл сыйлап,

Таңғы самал оны толық жазады.

Бұл біздің жұлдызды туымыз! Әрқашан жасайды

Батырлар жерінде, тәуелсіз мемлекетте.

Бізді тағы да талқандаймыз деп,

Мақтанып ант еткен қанішерлер тобы қайда?

Соғыс өрті іспетті сөніп, рухтары басылған.

Қылмыстары үшін қанымен жазасын өтеді.

Жалдамалы құлдардан құралған әскерлер, сендерге пана жоқ,

Сазайларыңды тартып, көрде шірисіңдер.

Тек біздің жұлдызды туымыз ешқашан өлмейді,

Батырлар жерінде, тәуелсіз мемлекетте.

Отанымызда бүліншілік пен соғыс орын алғанда,

Дәйім осылай жеңіс бола берсін!

Халқымызды қорғап, сақтаған Құдайды

Жері мен халқы ұлықтап, шүкірлік етеді.

Ниетіміз дұрыс болғандықтан, біз жеңілмейміз,

Ұранымыз - "Біз Құдайға сенеміз!".

Жұлдызды туымыз көк аспанда желбірейді,

Еркіндікті сүйетін батырларымыз барда.

ответил 17 Март, 16 от Жеңіс