0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Март, 16 от Бақытгүл в категории Қоғам және саясат

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Ғаламторға тәуелділік жайлы қызықты деректер:

  • Әлеуметтік желілерге тәуелділік адамдардың өзін-өзі төмен бағалауына байланысты екен. Мексикалық ғалымдар Facebook-та күніне 4 сағаттан астам отыратын адамдардың жабығу деңгейі жоғары, өзін-өзі бағалау деңгейі төмен екенін анықтаған. 
  • Өзінің жеке парақшасын тексеріп отыру әдетке айналып кетеді. Афиналық университеттің психиатрлары адамдардың өзінің жеке парақшасын барынша жиі жаңартып отыруға тырысулары  оларды компульсивті жабығуға ұшыратып, жұмысынан айырылуға дейін жеткізгенін аңғарған. Retrevo компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша сұрақ қойылған адамдардың 42 пайызы таңертең ояна салысымен Facebook-тегі жеке парақшасын тексерсе, IPhone иелерінің 28 пайызы ұйықтар алдында Twitter әлеуметтік желісіне кіреді екен. 
  • Күніне 120-дан астам хат жазасыз ба? Сізде қиындықтар бар ма? Кливленд университетінің медициналық мектебінде әлеуметтік желілерде көп уақыт отырудың адам денсаулығына әсерін зерттреуе бағытталған зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде, күніне 120-дан астам хат жазатын зерттреуге қатысушылардың жиі торығып, ұйқысы бұзылып, ашуланшақ болатыны байқалған.
  • Daily Mail мәліметіне сүйенсек, сессияға дайындық уақытында әлеуметтік желілерге уақыт бөлген студенттердің  емтихандағы бағасы әлеуметтік желілерді құп көрмейтіндерге қарағанда 20 пайызға төмен болған.
  • Веб-серфинг когнитивтік қабілеттерге зиянын тигізеді. Ғаламтор кеңістігін мағынасыз шолу адамның жұмыс өнімділігін 40 пайызға төмендетеді. Веб-серфингке тәуелді ғаламтор қолданушылары аптасына 30 сағаттан астам уақыт ғаламторда уақыт өткізеді екен. Бұл жұмыс пен оқуға бөлінетін уақыттан 10 есеге артық. 
ответил 18 Март, 16 от Азат