0 интересует 0 не интересует
спросил 09 Фев, 16 от Мейрамгуль в категории Танымал тұлғалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Көпшілікке танымал әртіс, журналист, продюсер Баян Есентаева өмірінен көп нәрседен хабардармыз. Оның әкесі Мақсат Байлының 25 жыл "Илиаданы" зерттеген түрколог ғалым екенін,  анасының әртіс болғанын, қызы Айсәуленің анасының ізімен журналист болуға шешім қабылдап, шет мемлекетте білім алып жатқанын, екінші қызы Айарудың шығармашыл қыз екенін, тәтті-дәмді жасауға үйірсектігін білеміз. Бірақ жолдасының кім екенін Баян Мақсатқызы құпияда ұстайды. Ғаламторда жолдасы екеуі түскен бірнеше сурет қана кездеседі. Күйеуі жайлы Баянның өзі "Менің қасымда сөзінен ісі көп нағыз еркек қана бола алмақ. Дәл осындай адамға осыдан 19 жыл бұрын тұрмысқа шығу бақыты бұйырыпты. Ол туралы сағаттап айта беруге бармын. Ештеңе өзгерткім де келмейді. Өз күйеуім секілді бекзат ер адамды ешқашан кездестірмеген екенмін",- дейді. Сөзіне қарасақ, жолдасы - нағыз еркек. Ғаламтордағы мәліметтер бойынша Баян ханымның жолдасының есімі - Бақытбек Есентаев. Ол - қызметінде өз жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер, ал отбасында қыздарынан барын аямайтын мейірімді, қамқор әке.

ответил 09 Фев, 16 от Айгерім