Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тұмау тиген балалардан ауыру жұқтыру мүмкін бе?

Талқылау
Пікір
Асылжан
17 Наурыз, 16

"Суық тию" ұғымын әркім әрқалай түсіндіреді. Кей адамдар "суық тию" деп баланың аяғына су өтіп немесе суықта тоңып қалуын  түсінеді. Оның емі де жеңіл. Жылынып, аяқ-қолын жылытқыш маймен, т.б. құралдармен ысқыласа болғаны, артынша сап-сау болып шыға келеді. Ал кей адамдар тыныс алу органдарының асқынған ауруларын "суық тию" деп біледі. Екіншісінің емі бірінші нұсқадағыдай жеңіл емес. Егер шынымен тыныс алу органдарының асқынған ауруларына шалдықса, ауыру 5-7 күнге созылып, дәрігердің көмегін қажет етеді.

Шындыққа екінші нұсқа жақын сияқты. Тоңып қалу ауру ретінде қаралмайды және оны жұқтыру да мүмкін емес. Ол тек түрлі инфекциялық аурулардың тууына не асқынуына алып келуі мүмкін.

Ал тыныс алу органдарының асқынған ауруларын жұқтырып алу әбден мүмкін. Олардың ішінде ең көп таралғандары - риновирус, парагрипп және тұмау вирусы, аденовирус. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекше нышандары бар. Бірақ олардың ішіндегі ең көп тарағаны және танымалы - тұмау вирусы. 

Дәметкен
17 Наурыз, 16

Тұмау жұқтырмауға арналған кеңестер:

  • Тұмау вирустарын ауа арқылы ғана емес, көпшілік қолданатын заттар арқылы да жұқтыруға болады. Сондықтан, қолыңызды жиі жуыңыз.
  • Қол орамалдан гөрі қағаз майлықтарды қолданыңыз. 
  • Тұмаудың алдын алатын дәрумендер мен дәрі-дәрмектерді қабылдаңыз.
  • Тұмауға қарсы екпеден қашпаңыз. 
  • Таза ауада тұмау жұқтыру мүмкін емес. Сондықтан қоғамдық көліктерде есікке жақын тұрыңыз.
  • Анда-санда ашығып тұрыңыз. 
  • Күнделікті бір биойогурт жеңіз.
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?