0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Март, 16 от Күнсұлу в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Наурыз көже

Құрамы:

  • ет (жылқы еті, қазы-қарта, жал-жая,шұжық, сүрленген ет, қой не сиыр еті)
  • су
  • сүт
  • қымыз
  • қатық
  • бидай
  • күріш
  • тары
  • кеспе
Наурыз көженің жасалу барысы:
  1. Еттің барлығын жуып, 2-3 сағат көлемінде суға пісіреміз. 
  2. Сорпаға қатықтың жартысын езіп алып, ет піскенше қойып қоямыз.
  3. Бөлек ыдысқа дәнді дақылдарды жартылай дайын болғанша суға пісіріп аламыз. Артынан сүт құйып, әбден дайын болғанша пісіреміз.
  4. Дайын болған дәнді дақылдарды ет пісіп жатқан сорпаға салып, араластырамыз. 30 минут көлемінде баяу отта пісіреміз. 
  5. Етті сорпадан алып, аздап суығанын күтеміз. Суығаннан кейін кішкене бөліктерге бөліп, қайтадан сорпаға саламыз.
  6. Үстінен кеспені салып, дайын болғанша пісіреміз.
  7. Дайын болған сорпаны оттан алып, 2-тармақшада дайындаған қатығымызды қосамыз.
  8. Жақсылап араластырып алып, қайтадан отқа қойып, аздап жылытамыз.
  9. Қалған қатықты қымызға араластрамыз. Жылыған сорпаны оттан алып, қатық араласқан қымызды қосамыз. 
Міне, наурыз көжеміз де дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

ответил 17 Март, 16 от Ақнұр