0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Март, 16 от Наурыз в категории Өнер және мәдениет

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

"Капитан қызы" - Александр Сергеевич Пушкиннің оқиға желісі Емельян Пугачевтың көтерілісі уақытына құрылған тарихи романы (немесе повесі). 

Жасы ұлғайған шақта помещик Петр Андреевич Гринев өзінің жастық шағындағы оқиғаларды баяндайды. Оның балалық шағы Симбирск губерниясындағы ата-анасының жер иелігінде өтіп жатады. 16 жасқа келгенде, отставкадағы офицер әкесі ұлын әскерге жіберуді ұйғарады. 

Петр Андреевич әскер қатарына қосылуға бара жатқан жолда, тағдырдың жазуымен ол кездері аты шықпаған, қашқында жүрген казак, Емельян Пугачевпен кездесіп қалады. Боран кезінде Емельян Пугачев кәрі қызметшісі Савельичпен жүрген Петрге жақын маңдағы түнеп шығар жерге жол сілтеп жіберуге келіседі. Көрсеткен көмегіне алғыс ретінде Петр оған қоян ішігін береді.

Шекарадағы Белогорск қамалына әскерге келген Петр қамал комендантының қызы Маша Мироноваға ғашық болып қалады. Гриневтің досы офицер Швабрин де Машаны сүйетін болып шығады. Ол бақталасын дуэльге шақырып, соңы Петрдің жарақаттануымен аяқталады. Екеуінің арасында орын алған дуэль жайлы Петрдің әкесі құлақтанып, ол ұлының жасаусыз қалыңдыққа үйленуіне қарсылық танытады.

Сол уақыттарда "мағынасыз әрі аяусыз орыс көтерілісінің" оты тұтанады. Пугачев өз әскерімен Орынбор даласындағы қамалдарын басып алады. Ақсүйектерді өлтіріп, казактарға өз әскерінің қатарына қосылуды ұсынады. Машаның ата-анасы бүлікшілердің қолынан қаза табады. Швабрин Пугачевке бойұсынып, Гринев керісінше оған қосылудан бас тартады. Пугачев Гриневті өлтірмек болғанда, қарт қызметші Савельич бүлікшілердің басшысына жолығып, бір кездері жолдары ұшырасқанын есіне салады. Пугачев Савельичті танып, қақаған қыста көмектескені үшін Гриневке өмірін аман алып қалады. 

Мұнан кейін де Гринев Пугачевтің өз әскерінің қатарына қосылуы жайлы ұсынысынан бас тартып, бүлікшілермен қоршалған Орынборға аттанады. Ол жақта Пугачевке қарсы күреседі. Бір күні ауыруы себепті Белогорскіде қалған Машадан хат алады. Хатта Маша Швабриннің өзіне күш көрсетіп үйленбекші екенін жеткізеді. Гринев Пугачевтің көмегімен Машаны құтқарып алады. Машаны Савельичпен бірге Гриневтің ата-анасының үйіне жібереді. Гринев ұзақ уақыт бойы Отаны үшін күреседі. Ол мұндай қиын кезеңде де Машаны бір сәтке де ұмытпай, оны қатты сағынады. Біраз уақыттан соң Швабрин Гриневтің үстінен шағым жазып, Гриневті үкімет әскері тұтқынға алады. Гринев түрмеде отырған уақытта Маша ІІ Екатеринаға барып, болған жайдың бәрін баяндап, сүйгенін босатуын сұрайды.Мән-жайға қанық болған император әйел Гриневті босатады.

ответил 17 Март, 16 от Қадыр