Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жүктілік кезінде аздаған мөлшерде ішімдік ішуге болады ма?

Талқылау
Пікір
Сая
28 Наурыз, 16

Спиртті ішімдік ұрық клеткасы мен ұрықтың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Дені сау ер адамның ұрық сұйықтығының 25 пайызы патологиялық ұрықтан тұрады. Бірақ олар бәсекеге қабілетті емес, сондықтан сау ұрықтар олардан озып, ұрық клеткасымен қосылады. Канадалық ғалымдар ішімдік ішкеннен кейін ұрық сұйықтығындағы патологиялық және сау ұрықтардың мүмкіндігі теңелетінін аңғарған. Нәтижесінде ақауы бар ұрық ұрық клеткасымен қосылып, баланың дамуында ауытқу болады.

Ана ағзасында ішімдік тек имплантация кезеңінде ғана нәресте үшін зиянсыз. Одан әрі ішілген ішімдік нәресте денсаулығына зиянын тигізеді. Сондықтан көптеген ата-аналарға мамандардың кеңесіне құлақ қойып, жүктілікке дейінгі және жүктілік кезеңдерінде алкогольді ішімдіктен бас тартқан дұрыс. 

Құралай
28 Наурыз, 16

Жүктілік уақытында алкогольді ішімдіктен мүлде бас тарту керек. Кейде осы жауабымды естіген емделушілерім жабырқап жатады. Мен аяғы ауыр әйлеге ішімдіктен үзілді-кесілді бас тарт деп тікесінен айтпаймын. Болашақ анаға ішімдіктің балаға зияны жайлы айту да жеткілікті. Этил сипрті мен оның метоболитері бала жолдасы арқылы жылдам өтеді. Іштегі нәресте бауырында этанолды бұзатын алкогольдегидрогеназа ферменті қалыптаспағандықтан, бала оны ересек адам сияқты тарата алмайды. Алкогольді ішімдік бала жолдасынан өтіп қана қоймай, оған зиянын тигізеді. Сонымен қатар ананың ағзасына теріс әсерін тигізіп, нәрестенің тамақтануын бұзып, жетілу жағдайын нашарлатады. Бұл барлық ішімдік түрлеріне қатысты. Жеңіл жүзім шарабын немесе сыраны аздаған мөлшерде ғана ішсеңіз де, жоғарыда айтылған әсерін тигізбей қоймайды. 

Спиртті ішімдіктің бала жетілуінің алғашқы триместрінде үлкен қауіптілігі бар. Себебі бұл уақытта болашақ адамның негізі мен басты ағзалары қалыптасады. 

Аталғандарға қоса, спиртті ішімдік ішу жүкті әйелдің иммундік жүйесін әлсіретеді. Соның салдарынан әйел адам түрлі жұқпалы ауруларды тез жұқтырып алады. Ол жүктілік барысын, босануды қиындатады.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?