0 интересует 0 не интересует
спросил 29 Март, 16 от Зере в категории Танымал тұлғалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Бәрімізге танымал жұлдыз Леди Гаганың шын есімі - Стефани Джоан Анджелина Джерманотта. Оған лақап есімді продюсері Роб Фьюзари берген. Оның айтуы бойынша, Джерманотта мансабының алғашқы жылдары үнемі өзіндік сахналық бейнесін іздеуде болған. Бір күні ол Фредди Меркьюриді қайталап, оның Radio Ga-Ga әнін орындаған. Ән айтып жатқан кезінде бет-аузын қисайтқанының күлкілі болғандығы сонша, продюсері Джерманоттаны әзілдеп "леди Гага" деп атаған. Осы күннен бастап аталған лақап ат әншінің екінші есіміне айналды деуге де болады. Артынша Джерманотта "Леди Гага" есімін сахналық лақап ат ретінде таңдауды жөн көрген.

ответил 29 Март, 16 от Жанар