0 интересует 0 не интересует
спросил 31 Март, 16 от Балсан в категории Тарих

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

ХІХ ғасырдың ортасына қарай Ресейдің жер аумағы 18 млн. км-ге жетіп, халқының саны 74 млн. адамды құраған. Ғасыр басындағы губерниялар саны 47 болса, соңына қарай 69-ға жеткен. 

ХІХ ғасыр басында аудандарда шаруашылық мамандандыру жүйесі енгізіле бастаған.

Орталық аудан (Мәскеу, Владимир, Тверь, Ярослав, Кострома, Нижегород және Калуга губерниялары) -  өнеркәсіптік аудан. 

Орталық қара Жер ауданы (Рязань, Тула, Воронеж, Тамбов, Орлов, Курск губерниялары) - егіншілік ауданы.

Солтүстік аудан (Вологод, Архангельск, Олонец губерниялары) - ет және сүт өндірісі, зығыр шаруашылығы, орман шаруашылығы ауданы.

Солтүстік-Батыс аудан (Петербург, Новгород, Псков губерниялары) - ет және сүт өндірісі, зығыр шаруашылығы ауданы.

Ауылдарда  шаруалардың әлеуметтік жіктелу процессі жүріп жатты. Кәсіпкерлер табы пайда болып, нарықтық қатынастардың дамуын тездетті. 1857 жылдарға қарай ұсақ помещик иелігіндегі жерлердің кедейленуі салдарынан, помещик иелігі 7,5 пайызға кеміді.

Өнеркәсіптің дамуы қоғамның әлеуметтік құрамының өзгеруіне алып келді. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қала халқы 2,8 миллионнан 5,7 миллионға өсті. Қалалар саны 630-дан 1032-ге артқан.

ХІХ ғасырдың 40 жылдары  Ресейде 4000-нан астам ұйымдастырылған. Олардың  ең ірісі - 1817 жылы Төменгі Новгородта ұйымдастырылған жәрмеңке.

Сыртқы саудада Англия және басқа да Еуропа мемлекеттері негізгі серіктес болған. 

ответил 31 Март, 16 от Кенже