Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайлы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Бақдәулет
31 Наурыз, 16

Патша жарлығы халық ішіне тарағаннан кейін бірден халықтың толқуы орын алды. Наразы болған қалың жұртшылық болыстық басқармалармен, ауыл старшындарымен, полиция қызметкерлерімен және шенеуніктермен күресті. Олар кеңселерді өртеп, іс қағаздарын жүргізуді, әскерге тартылатын азаматтардың тізімін жойды. Бара-бара көтеріліс ұйымдасқан сипат алып, оны халықты азат етуді мақсат еткен көшбасшылар бастады. 1916 жылғы көтерілістің басшылары Торғай өңірінде Ә. Жангелдин, А. Иманов, Оралда С. Меңдешев, Ә. Әйтиев, Маңғыстауда Ж. Мыңбаев, Атбасарда Ә. Майкөтов, Ақмолада С. Сейфуллин, Жетісуда Т. Бокин, Б. Әшекеев, Сырдария облысында Т. Рысқұлов болды. 

Көтеріліс қазақ даласын түгелдей қамтыды. Жетісу облысы көтеріліс орталықтарының бірі болды. Патша жарлығы хабарланағаннан кейін дәл осы жерде шілде айының басында Жетісу болыстықтарының қазақтарынан құрылған съездер өтіп, қарулы қарсылық көрсету жайлы шешім қабылданды. 1917 жылы Түркістан өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. Көтерілісшілердің жазалаушылар тобымен аса ірі қақтығысы Асы үстіртінде, Қарқарада, Жетісу облысы болыстықтарында, Самсы, Қастек, Нарынқол, Шарын, Құрама өңірлерінде, болды. 

Жарас
31 Наурыз, 16

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс -  1916 жылдың 25 маусымындағы Қазақстан, Орта Азия және Сібірдің кей өңірлерінен 19 бен 43 жасар аралығындағы ер адамдарды тыл жұмысына тарту туралы  патша жарлығына қарсы Қазақстандағы жалпы халықтық сипат алған көтеріліс. 

Патша самодержавиесінің саясаты мен соғыстарына халық көңілі толмай, қарсы бола бастады. Көтеріліс оты  ер адамдарды тыл жұмысына мәжбүрлі түрде тарту жөніндегі патша жарлығынан соң тұтанды. 1916 жылдың тамызында Семей облысының 6 уезі (Семей, Өскемен, Қарқаралы, Бұқтырма, Зайсан, Кереку уездері) кіретін Дала генерал-губернаторлығын көтеріліс оты шарпыды. 

Семей облысы бойынша әскер қатарына 85479 ер адам әскер қатарына алынған.Ресми деректерге сүйенсек, Кереку жеріндегі көтерілісшілер саны 4000-нан асады. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?