0 интересует 0 не интересует
спросил 31 Март, 16 от Индира в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Нағыз өзбек палауы

Құрамы:

қой еті - 1 кг

ұзын дәнді күріш - 1 кг

пияз - 4 бас

өсімдік майы - 300 мл

сарымсақ - 2 бас

сәбіз - 1 кг

кептірілген қызыл бұрыш - 2 дана

ұнтақталған зере - 1 ас қасық

күнзе дәні - 1 шай қасық

тұз 

кептірілген бөріқарақат - 1 ас қасық

Дайындалу әдісі:

  1. Күрішті суы мөлдір болғанша әбден тазалап жуамыз. Сарымсақты қабығынан тазалаймыз, бірақ тісшелерге бөлмейміз. 3 пияз бен сәбіздің қабығын аршып, пиязды дөңгелектеп, ал сәбізді ұзынша етіп тураймыз.
  2. Қазанды отқа қойып, май құйып, майды қыздырамыз. Тазаланбаған пиязды қазанға салып, қарайғанша қуырамыз. Болғаннан соң, алып тастаймыз. Туралған пиязды салып, қоңыр-сары болғанша араластыра отырып қурамыз. Бұған шамамен 10 минут қажет. Үстіне туралған қой етін саламыз да, жақсылап қуырамыз. 
  3. Қазанға сәбізді салып, аралсатырмай 3 минут қуырамыз. Артынан бәрін араластырып, тағы да 10 минут араластырып тұрып қуырамыз. Қазан ішіндегі тағам бетінен 1 см-ге асырып ыстық су құямыз. Қызыл бұрыш салып, отты баяулатып, 1 сағат бойы пісіреміз. 
  4. Зере мен күнзе дәнін араластырып, қолымызбен ысамыз. Бөріқарақатты қосып, барлығын қазандағы етке қосамыз. Үстіне тұз салып, сәбіз жұмсарғанша 10-15 минут пісіреміз.
  5. Күрішті тағы бір қайтара жуып, суын әбден сорғалатамыз. Еттің үстіне салып, бетін тегістейміз. Қазан астындағы отты көтеріп, күріш бетінен 3 см-ге асырып ыстық су құямыз.  
  6. Күріш суды сіңіріп алған бойда, сарымсақ бастарын қазандағы тағамға басып салып, күріш піскенше пісіреміз. Күріштің дайын болғанын ожаудың көмегімен тексереміз. Күріш бетін ожаумен ақырындап ұрғанда қатаң дыбыс шықса,  палауды жіңішке ағаш таяқшамен бірнеше жерінен тесіп қоямыз. Қазанның қақпағын жауып, отты баяулатып, 30 минутқа қалдырамыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

ответил 31 Март, 16 от Сәния