0 интересует 0 не интересует
спросил 31 Март, 16 от Айғаным в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Ботокстың жасартатын қасиеті жайлы  жер шарындағы барлық әйел біледі. Бірақ "сұлулық инъекциясының " құрамында А типіндегі ботулиндік нейротоксиннің барын көбі біле бермейді. Бұл дегеніміз - таза у. Мұны ғалымдар да ресми түрде растады.

The Journal of Neuroscience жарияланған мақалада зерттеушілер А типіндегі ботулиндік нейротоксин адам не жануар ағзасына түскенде, бас миы және жұлынның, орталық жүйке жүйесінің зақымдануына алып келетінін айтады. 

"Ботокс әсерінің механизмі мынадай: ол тұрақты әсер етіп, жүйкенің бұлшық етке импульс жіберуін тежейді. Сөйтіп әжімге себеп болған бұлшық етті босаңсытады. Ботокс - шынымен де нейротоксин. Бірақ ол аздаған мөлшерде қауіпті емес. Нейротоксин тек косметология саласында ғана қолданылмайды. Оның көмегімен дәрігерлер церебралды салдануы бар балалардың түйілуін алып, неврологияның кей терапияларында да пайдаланады",- дейді невролог Виктор Косс. 

Өз зерттеулерінің қорытындысын жасай отырып, ғалымдар кез-келген дәрінің аз мөлшерде шипа, көп мөлшерде у болатынын еске салды. 

"Ботокс жүйке жүйесін зақымдау үшін кемдегенде 150 екпе жасау керек. Сонда ғана аталмыш у бұлшық еттерді бақылауды тежеп, тыныс алуды тоқтата алады",- дейді зерттеушілер.

ответил 31 Март, 16 от Перизат
редактировать 31 Март, 16 от Мейрамгуль