Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бәйдібек би деген кім?

Талқылау
Пікір
Ақнұр
01 Сәуір, 16

Бәйдібек Қарашаұлы - қазақ халқының әйгілі биі әрі батыры, Ұлы жүздің Албан, Суан, Дулат, Сары үйсін, Шанышқылы, Шапырашты, Ысты, Ошақты руларының түп атасы. Соңғы деректерге сай ,1356 жылы Ташкентте дүниеге келіп, 1419 жылы қайтыс болған. Оның әкесі Қараша мен бабалары Бабыр, Майқы, Кейкі, Бақтияр да өз кезінде атақты би, батыр болған. 

Бәйдібек би үш жасында тұл жетім қалған. Шынтас байдың жылқысын бағып күнелтіп жүріп, адал еңбегі үшін сыйлыққа 100 жылқы алады. Мұнан соң өз шаруашылығмен айналысып,ел қатарлы өмір сүре бастайды. Уақыт өте келе ол даналғымен көзге түсіп, елі би сайлайды. Өзінің ақылдылығы мен көрегенділігінің арқасында Бәйдібек би жетім-жылқышыдан би дәрежесіне жетіп, өз уақытының әйгілі билерінің бірі болады. 

Бәйдібек би 1396-1398 жылдары Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысына қаржылай көмек көрсетеді. Құрылысшыларға арнап өз шаруашылығынан қымыз, шұбат әкеліп, оларға арнап киіз үйлер құрған. Сонымен қатар құрылысшыларды етпен, бидаймен қамтамасыз етіп отырған. 

Бәйдібек би мен оның ұрпақтары жайлы сақталған дерек көп емес. Ол туралы дерек көбіне революцияға дейінгі басылым беттерінде кездеседі. Бидің батырлығы мен даналығы, шешендігі, ат құлағында ойнаған шабандоз болғандығы, үйір-үйір жылқысы жайлы ел аузындағы аңыздарда көп айтылады. 

Бәйдібек би 1419 жылдың күзінде өзінің Балабөгендегі қыстауында дүние салған. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?