0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Апр, 16 от Нағима в категории Танымал тұлғалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Алла Борисовна Пугачева 1949 жылдың 15 сәуірінде Мәскеуде дүниеге келген. Ол - кеңестік және ресейлік эстрада әншісі, композитор-әнші, эстрадалық режиссер, продюсер, киноактриса және тележүргізуші. 1991 Кеңес Одағының халық әртісі атағын алды. 1995 жылы РФ-ның Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Оның репертуарында орыс, ағылшын, неміс, француз, иврит, фин, украин тілдеріндегі 500-ден астам ән болса, ал дискографиясында жеке орындауындағы әндер жазылған 100-ден аса күйтабақ пен дискілер бар екен. Ресей мен Кеңес Одағының құрамына кірген мемлекеттерден бөлек, Пугачеваның альбомдары Жапония, Корея, Швеция, Финляндия, Германия, Польша, Чехословакия, Болгария мемлекеттерінде жарық көрген. Дискілердің жалпы таралымы 250 миллион данадан асады. 

Алла Пугачева бүкілодақтық әйгілілікке жетіп қана қоймай, Еуропа, Азия және Солтүстік Америка мемлекеттерінің халықаралық музыкалық сахналарында да әйгілі болды. Бүгінгі күні әншіні "примадонна", "эстрада патшайымы", "Ресейдің басты әншісі" деп атайды. 1976 жылдан 1990 жылдардың басына дейін бүкілодақтық музыкалық хит-парадтар жүргізген сауалнама нәтижесінде жылдың үздік әншісі ретінде мойындалған.  1970-1980 жылдардағы шетелдік басылымдарда бірнеше мәрте Кеңестік сахнаның №1 жұлдызы, "soviet superstar" мойындалды.

Қазіргі уақытта әнші белсенді шығармашылық қызметтен алыстап, гастрольдік сапарларға шықпайтынын жариялады. Максим Галкинмен отбасын құрған. Бір ұлы, екі қызы және үш немересі бар.

ответил 01 Апр, 16 от Дана