0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Апр, 16 от Мақсұт в категории Заңгерлік кеңес

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Жұмысшыларды аталмыш күндері жұмысқа тарту заңмен бекітілген жағдайдан бөлек, жұмыс берушінің бастамасымен демалыс және мереке күндері жұмысшыларды жұмысқа тарту тек қана жұмысшылардың жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. 

Еңбек Кодексінің 97-бабының 3-тармақшасына сәйкес, жұмысшы демалыс және мереке күндері жұмыс істеген жағдайда, жұмысшы қалауына қарай басқа күні демалыс ала алады немесе Еңбек Кодексінің 128-бабында көрсетілген мөлшерде еңбек ақы алады.

Еңбек Кодексінің 128-бабында мереке және демалыс күндері істелген жұмыс үшін төленетін еңбек ақы жұмысшының бір күндік жалақы мөлшерінің екі еседен төмен емес мөлшерінде берілуі тиіс деп көрсетілген.

ответил 01 Апр, 16 от Назигүл