Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Толып кетпес үшін кешкі 6-дан кейін қандай тағамдар жеуге болады?

Талқылау
Пікір
Кәмшат
04 Сәуір, 16

Көптеген адамның ойынша, сымбат пен дұрыс тамақтануға сансыз қиындықтар мен бас тартуларсыз қол жеткізу мүмкін емес. Алайда дәмді әрі пайдалы тағамдардың ақылға қонымды теңгерімін табу арқылы арықтап, сымбатыңызды сақтай аласыз.

Кешкі сағат 6-дан кейін жеуге болатын 12 тағам:

  • Жүгері. Жүгері дәмді әрі өте пайдалы тағам. Консервіленген жүгеріні емес, піскен жүгеріні жиі тұтынғаныңыз дұрыс. Ол ағамыздан холестерин қалдықтарын шығарып, май қорының жиналуына тосқауыл болады. Сондықтан күндіз ауыр және тиым салынған астан жеген болсаңыз, кешкілік піскен жүгеріні тағдағаныңыз дұрыс. 
  • Балшырынды жемістер. Күннің екінші жартысында жеміс жеу аса құптала бермесе де, балшырынды жемістерден бас тартудың қажеті жоқ. Балшырынды жемістерде зат алмасуды жылдамдатуға септігін тигізіп, артық май жиналуының алдын алатын жасұнықтың жоғары концентрациясы бар.
  • Көкөніс икрасы. Үй жағдайында жасалған көкөніс икрасының құрамында денсаулығымыз бен ағзамызға зиянды ештеңе жоқ. Өзіңіздің талғамыңызға сай саңырауқұлақ, баялды, кәді икрасын жасап жеуіңізге болады. Қандай жағдай болмасын, көкөніс икрасы - өте дәмді әрі тойымды ас.
  • Балдыркөк. Балдыркөк - құнарлылығы төмен тағам. Бұл дегеніміз - ағазамыз оның қорытылуына көп күш жұмсайды. Осы себепті балдыркөкті кешкі тамақтану үшін мінсіз деуге болады.
  • Шалқан. Көбіне біз шалқаннан бас тартып жатамыз. Бірақ мұнымыз бекер. Шалқан - ас үлесінде міндетті түрде болуы тиіс пайдасы мол көкөніс. Ол ағамызды тазалап, иммунитетімізді күшейтіп, ағзамызға күш  сыйлайды. Сонымен қатар, ол емдімдік азық-түлік қатарына кіреді.
  • Асқабақ. Қызғылт сары сұлудың сіздің сымбатыңызға зиян тигізбесі анық. Асқабақтан көптеген пайдалы ас түрлерін жасауға болады. Оның ішінде крем-сорпа, езбе, салат та бар. 
  • Орамжапырақ. Орамжапырақтң барлық түрі адам ағзасындағы барлық маңыздың үдерістерге атсалысатын В тобы  дәрумендеріне бай. Оған қоса, орамжапырақ - емдәмдік тағам. Сондықтан ол кешкі ас үшін мінсіз болып саналады. 
  • Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақ құнарлылығы жоғары емес. Оларды майға қуырмай, пісіріп жесеңіз, ол емдәмдік ас болады. Олар асқазанда ауырсыну сезімін тудырмайды. Тек біз оларды түрлі қоспалармен бірге жеуге үйреніп қалғанбыз. Асқанымыздағы ауырсыну сезімі де соның салдарынан. 
  • Қызылша. Қызылша ауыстырғысыз тағамдар қатарына кіреді. Ол май алмасуын бақылауға көмектесіп, семіздіктің алдын алады. Бір жақсысы, қызылша - кез-келген түрінде пайдалы. Еш қорықпастан пісіріп те, шикідей де жеуіңізге болады.
  • Нәлім. Ақ балық емдәмдік тағамдар қатарынан орын алған. Оның адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Бұл балықта иммунитетіңіздікүшейтіп, көптеген ағзаңыздың жұмысын қалыпқа келтіретін дәрумендер мен құнды элементтер бар. 
  • Камбала. Кешкі сағат 6-дан соң жеуге болатын тағы бір пайдалы балық - камбала. Оның құрамында метионин кездеседі. Бұл заттың пайдалы қасиеті майды ыдыратуға қабілеттілігінде жатыр.
  • Киви. Киви - арықтағысы келетін адамдар үшін таптырмас жеміс. Ол ағзамызға майды ыдыратып, ерітуге жәрдемдеседі. Оған қоса, асқазандағы ауырсыну сезімінен арылтып, су-тұз теңгерімін реттейді.
Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Асия Бердибаева
4 жылы бұрын пайда болды

Ақжелкенді үй жағдайында денсаулыққа, бет күтіміне пайдалану жолдары

0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?