0 интересует 0 не интересует
спросил 07 Апр, 16 от Гүлдерай в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жылқы етінде көмірсулар аз және ол жеңіл сіңетін ақуызға бай. Жылқы етіндегі ақуыз құрамындағы аминқышқылдар себепті, жылқы еті сиыр не қой еттеріне қарағанда жылдам қорытылады. 

Жылқы етінде холестерин аздаған ғана мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, жылқы еті қандағы холестерин мөлшерін төмендетуге ықпал етеді. Аталмыш еттің құрамында А, С және В тобы дәрумендері бар. Ет құрамы темірге бай болғандықтан, оны жеу қан аздықтан зардап шегетіндер үшін өте пайдалы. 

Диетолог мамандар жылқы етін нәрлілігі мен май мөлшерінің төмендігі үшін бағалайды.

Жылқы еті аллергия тудыратын жағдайлар сирек кездеседі. Бұл, әсіресе, тауық жұмыртқасы мен сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдар үшін пайдалы.

ответил 07 Апр, 16 от Айжамал
0 интересует 0 не интересует

Жылқы етінің пайдасы:

  • жылқы еті ақуызға бай;
  • нәрлілігі төмен;
  • құрамындағы майлар жеңіл сіңімді;
  • өт айдау әсері бар;
  • терогенге қарсы қасиетке ие;
  • дәруменге бай;
  • зат алмасуын реттейді;
  • минералды заттармен қамтамасыз етеді;
  • алмасу процесін жандандырады.
ответил 07 Апр, 16 от Рүстем
редактировать 07 Апр, 16