0 интересует 0 не интересует
спросил 07 Апр, 16 от Ермек в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Синоптик мамандардың болжауынша, биылғы жаз салқын болуы ықтимал. Маусым айында еліміздің шығыс және батыс өңірлерінен өзге аймақтарда күн ыстық болады. 18-20 маусым күндері аралығында ауа температурасы +39, +42 градус жылылықты көрсетпек. 

Шілде айында мемлекеттің батыс өңірінде күн ысып, басқа аймақтарда ауа-райы салқындайды  деп күтілуде. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қарағандының солтүстігі мен Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын-шашын болуы ықтимал. Басқа өңірлерде ауа-райы жауын-шашынсыз, ашық болады деп күтіледі. 

Ал тамыз айында ауа-райы климаттық нормаға сай болады деп болжанады. 

ответил 07 Апр, 16 от Тұрсын