Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жанар Айтжанованың өмірбаяны жайлы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Бауыржан
07 Сәуір, 16

Айтжанова Жанар Сейдахметқызы 1965 жылдың 9 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол - Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі. 

Айтжанова Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. ҚазҰУ, ММУ, Карл және Орталық Еуропалық университеттерде тағылымдамадан өткен. Мұнан кейін Вена Біріккен институты мен Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару Мектебінде оқыған.

2003 жылдың қыркүйек айында Айтжанова индустрия және сауда вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

2005 жылдың мамыр айынан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің арнайы өкілі ретінде қызмет атқарды.

2010 жылдың наурыз айы мен 2011 жылдың сәуір айының аралығында Қазақстан Республикасының экокномикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды.

2011 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды.

Марапаттары

  • Құрмет Ордені
  • "Ерен еңбегі үшін" медалі 
  • 1-дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" медалі
Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?