Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Абай Құнанбаев өміріндегі қандай қызықты оқиғаларды білесіздер?

Талқылау
Пікір
Дамир
12 Ақпан, 16

Абай Құнанбайұлы өмірінен қызықты деректер

- Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткендіктен, Абай атанып кеткен.

- Абай Құнанбайұлы - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

- Абай Құнанбайұлы көптеген өлеңдеріне өзі ән жазған. Олардың ішіндегі танымалы - "Көзімнің қарасы" әні.

- Абай Құнанбайұлы 13 жасынан ел ісіне араласа бастаған. 

- Абай Құнанбайұлы алғашқы уақыттарда өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген.

- Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты - Тоғжан.

- Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Бұл кезде Абай 15 жаста болған.

- Абайдың екінші әйелі Әйгерімге 1875 жылы үйленген.

- Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін, Оспанның туыс аға-інілері Еркежанның көркіне, мал-мүлкіне көз салып, әмеңгерлікпен үйленуін талап еткен. Еркежан өз қалауымен Абайға тұрмысқа шығады.

- Абайдың 3 әйелі, 10 баласы болған. 

- Абайдың Ділдәдан туған балалары: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан.

- Абайдың Әйгерімнен туған балалары: Тұрағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?