Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

15 жасымда қандай жұмысқа орналаса аламын?

Талқылау
Пікір
Үсен
12 Сәуір, 16

Оқушылар мен студенттерге арналған жұмыстар:

  • Клиенттерді тарту бойынша менеджер. Бұл үндеухат үлестірумен байланысты жұмыс. Әрине, тамаша жмыс дей алмаймын. Бірақ жұмыс қиын емес, тек шыдамды болсаңыз болғаны. Мұндай қызмет үшін айына 30 000 теңгеден 60 000 теңгеге дейінгі мөлшерде жалақы төленеді.
  • Хабарлау менеджері. Мамандықтың қай түрі болмасын керек және маңызды. Хабарландыру парақтарын да біреу жапсыру керек. Бұл жұмыстың барысында серуендеп қайтуыңызға да болады. Жалақы айына 30 000 теңгеден жоғары.
  • Курьер. Егер бос уақытыңыз болып, қоғамдық көлікте жүруге арналған жол жүру билетіңіз немесе велосипедіңіз болса, бұл жұмыс сізге жарап тұр. Төленетін жалақы жеткізген тауарыңыздың саны мен белсенділігіңізге байланысты.
  • Колл-орталықтарындағы жұмыс. Мұнда бәрі де оңай. Жұмыс уақытыңыздың басынан соңына дейін тек телефон қоңырауларына жауап беріп отырасыз. 
  • Аниматор. Көптеген сауда орталықтарында балалар ойын-сауығына арналған түрлі шаралар болып жатады. Егер көңілді әрі белсенді болсаңыз, осы салада жұмыс істеп көруіңізге болады. Әрине, оған қоса, балаларды жақсы көруіңіз керек. 
  • Даяшы. Даяшы болып қызмет ету де жақсы. Мұнда жалақы да, шайпұл да, тегін тамақ та бар. Жалақы 50 000 теңге көлемінде.
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?