Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Не себепті күйеу жігітке тойға дейін қалыңдықты той көйлегінде көруге болмайды?

Талқылау
Пікір
Шаттықгүл
12 Сәуір, 16

Аталмыш ырым Ежелгі Русь мемлекетінде пайда болып, шынайы оқиғалармен дәлелденген делінеді. Бүгінгі күн оның рас-өтірігін анықтау мүмкін де емес. "Шынайы оқиғалар" кімнің есінде қалды дейсің? Алайда ырымға сай, күйеу жігіт тойдан бұрын қалыңдықты той көйлегінде көріп қойса, екі жастың некесі бақытсыз әрі баянсыз болады екен-мыс. Бұл сөздерді естіген қалыңдық ырымға сенбесе де, көңілі күпті болып, тыныш қана көйлегін тығып қоюды жөн көреді. Ал шіркеу қызметкерлері мұндай ырым-тыйымдардың еш негізі жоқ екенін айтады. Бұл пікірге психолог мамандар да жақтасады. Олардың ойынша, мәселе көйлекте емес, өз бойымыздағы үрей мен жасқаншақтықта жатқан көрінеді. Ақылға салсақ, қалыңдықтың той қарсаңында азаматына ақ көйлегін көрсеткенінен отбасы бұзылмайды. Отбасыны екі жастың бір-біріне сенбеуі, көзіне шөп салу, арадағы түсінбеушілік бұзатыны анық. Сондықтан бір-біріңізді әрдайым түсінуге тырысып, сенім артып, адал болыңыздар! 

Жарқын
12 Сәуір, 16

Мұндай ырымның қайдан шыққаны белгісіз. Ертеректе қалыңдықтың той көйлегі өте қымбат тұрған. Қалыңдықтың оны ешкімге көрсетпей, тығып ұстауының себебі осыдан-ақ түсінікті. Әлбетте, ұрлап кетеді деп қорыққан. Оған қоса, қалыңдық сүйіктісін сұлулығымен қанша тамсантқысы келсе де, ол жағдайдың тек тойда ғана орын алғанын қалайды. Бұл күйеу жігітке арналған тосын сый іспетті. Ал шындығына келгенде, күйеу жігіт той қалыңдықтың көйлегін той алдында көрді не, тойда көрді не, онда тұрған ештеңе жоқ. Әрине,  ақ көйлек киіп тұрған қалпыңызда жігітіңіз көріп қойса, телехикаялардың бас кейіпкері сияқты: "Сен мені тойдан бұрын көрмеу керексің! Кет!"- деп айқайға басуға болады. Есі шыққан күйеу жігіт терезеден қалай секіріп кеткенін байқамай қалуы да мүмкін. Осыдан қайғылы жағдай орын алады. Бірақ, кінәлі көйлек емес қой?

Үйлену тойы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Мне очень очень нравится
3 жылы бұрын пайда болды

Ажырасамын деген жастарға, әсіресе ажыратқысы келген адамға айыппұл салынса екен

Сәлеметсіздер ме менің айтқым келетін проблема еркектердің жауапсыздығы және сәбилердің құқығы жайлы.  Еркекетер үйленіп,  бала тапқызып,  қаласа тастап кете салуы әділетсіздік деп ойлаймын. Неге осы ажырасамын деген еркектерге или әйелдерге үлкен мөлшерде айыппұл салынбайды, сонда олар айыппұлдан қашып отбасын сақтап қалар ма еді. Ортада балада тірі жетім болып қалмас па еді. Ажырасу азайып, әке шешесіде жастардың өміріне қол сұға беруін тоқтатар ма еді. Жазықсыз сәбилер әкесіз өспейтін еді. Неге әйел адамдар ғана қиналуы керек,  ажырасқанда еркектерге неліктен жауапкершілік артылмайды. 

1
Аслан
7 жыл бұрын пайда болды

Беташар жырын білесіздер ме?

1
Ұлан
7 жыл бұрын пайда болды

Асаба тойды неден бастауы қажет?

1
Елдар
7 жыл бұрын пайда болды

Атастырылған жігіт пен қыздың үйленуі міндетті ме?