0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Окт от аноним в категории Ғылым және техника
редактировать 16 Окт от Архат

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жауапты бірнеше бөлікке бөліп жариялаймын. Барлығы сыймайды екен.

Әр кез көшеге шыққан сайын өзінің смартфоны мен планшетіне үңілген адамдарды жиі кездестіруге болады. Олар, тіпті, айналасында болып жатқан құбылыстарға мән бермейді. Цифрлық тәуелділік өсіп келеді десек те болады. Ал ары қарай не болмақ?

Осы тұста пессимист болмай-ақ қояйық. Неврологтар, психологтар және зерттеушілер жасанды сананың, яғни компьютер сияқты құрылғылардың өмірімізге жақсы жағынан көмектесетінін айтады. Олар когнитивті технология атты термин ойлап тапқан. Бұл электронды құрылғылардың адамның “психологиясын, ақпаратты қалай өңдеп, сақтауға” болатынын зерттейтін болады. Мысалы, маймыл роботтар еш қиындықсыз ауыр жұмыстарды орындай алады. Ал осы уақытты адамдар тиімді пайдалануларына болады.

Когнитивті технологияның аясына электронды гаджеттер ғана емес, адамның ойлау жүйесіне тиімді әсер ететін фармацевтикадан бастап, ойындарға дейінгі адамның миының қызметін жақсартуға бағытталған заттар кіреді. Тель-авив университетінің профессоры қарапайым тілдесудің өзінің когнитивті технология формасына жататынын айтады. Себебі, біз сөйлесу арқылы ойымызды білдіріп қана қоймаймыз, сана деңгейімізді көрсетеміз. Дәлірек айтсақ, тіл – санаңыздың көрінісі.

ответил 16 Окт от Фараби
0 интересует 0 не интересует

Жауаптың жалғасы 2

Оқулықтар ақылды бола түседі

Оқу залында отырған күндеріңізді көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Кітаптағы түсініксіз терминдер мен күрделі идеялар есіңізде шығар. Мұндайда миыңыз ашитыны анық қой. Десе де, болашақ студенттердің жолы болды десеңіз болады. Себебі, болашақ цифрлық кітаптар жасанды санаға ие болып, тақырыпты студенттерге тереңінен түсіндіретін болады.

Жуырда биологиядан iPad-қа арналған “ақылды” оқулық шыққан болатын. Студент “Ақуыз не үшін керек?” деген сауалды жазып, өзіне қажетті бет ашылған кезде, ол туралы ақпарат алатын. Кітаптың ішінде әртүрлі тақырыпқа арналған 5 000 карта болған. Калифорния колледжінде жүргізілген зерттеуде осы оқулықпен оқыған студенттердің басқаларға қарағанда әлдеқайда жоғары баға алғаны анықталған. 

ответил 16 Окт от Фараби
0 интересует 0 не интересует

Жауаптың жалғасы 3 

“Темір адам”, “Кек алушылар” атты фильмдерді көрген боларсыздар. Тони Старктың ақылды костюмі естеріңізде ме? Ол оған қоршаған орта туралы ақпарат беріп отырған болатын. Алдағы уақытта жауыздармен күреспейтініміз, аспанда қалықтап ұшпайтынымыз белгілі. Бірақ, біз көшеде жүріп келе жатқан кезде ақпараттар ауада қалқып жүруі мүмкін. Google Glass – осындай мүмкіндікті беретін көзілдіріктердің бірі.

Бұл идеяны алғаш 1960 жылдары зерттеуші Айвен Сазерланд ұсынған болатын. Оны көпшілік компьютерлік графиканың атасы ретінде біледі. Ол “Абсолюттік дисплей” атты мақала жазған болатын. Аталған мақалада керегенің ар жағындағыны көру, цифрлық ақпарат пен адамның көре білу қабілетінің тоғысуы туралы жазған-ды. 2000 жылдардың басында Колумбия университетінің ғалымдары Нью-Йорк туралы ақпаратты көз алдыңызға шығарып беретін көзілдірік ойлап тапқан болатын. Осы секілді DARPA агенттігі линза ойлап тауып жатыр.

Ал зауыттарға келетін болсақ, олар бізге қажет-ақ. Себебі, осы техниканың барлығын, роботтарды зауыттарда адамдар жасап шығаратын болады. Көпшілік осылайша темірдің құрсауында қалып қоямыз ба деп қорқады. Бірақ, жасанды сананы ойластыратын, роботтарды бастапқыда шығаратын адамдар ғой. Сол себепті, олар бізді басып озады деп қорықпау керек сияқты. 

ответил 16 Окт от Фараби