БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қатерлі ісіктің дауасы жусаннан табылғаны рас па?

Талқылау
Пікір
Сағым
13 Сәуір, 16

Жусан - таңғажайып өсімдік. Ол лабораториялық жағдайда небары 16 сағат ішінде қатерлі ісік жасушаларының 98%-ын жоя алады. Адамдар бағзы замандардан бері жусанды емдік мақсатта қолданып келген.  Өсімдіктің тым ащы дәмі бар. 

Жусан, әсіресе, темірмен қосылғанда, ісікке қарсы  таптырмас құралы болып табылады. Оның құрамындағы артемизининнің көмегімен қатерлі ісік жасушаларын жоюға болады.

Артемизинин - қатерлі ісікке қарсы әсері бар қосынды. Жусаннан алынған артемизинин бұған дейін көптеген зерттеулердің нысаны болып келген. Көбіне, бұл заттың безгекке қарсы нәтижелі қосынды екендігін дәлілдейтін мәліметтер пайда болып жатты. Бүгінгі күн артемизининнің антипролиферативті қасиеті бары, кейбір қатерлі ісік жасушаларын жоя алатыны дәлелденді. 

Жусанның қатерлі ісікке қарсы қасиеті  2001 жылы ағылшындық ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде мәлім болды. Зерттеу нәтижесі жусанның сүт безі қатерлі ісігі жасушаларына қарсы жоғары белсенділік көрсеткен. Артемизинин темірмен әрекетке түсіп, еркін радикалдар құру арқылы қатерлі ісік жасаушаларын жояды. 

Калифорния Унисерситетіндегі қатерлі ісік ғылыми-зерттеу лабораториясында жүргізілген зерртеу жұмыстары жусаннан алынған артемизинин сүт безі қатерлі ісігі жасушаларының көбеюінің алдын алатынын көрсетті. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?