Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Мен қазақша мектепте оқыдым. Орысша оқытатын колледжге түскім келеді. Ендігіде маған қиын тимей ме екен оқуыма?

Талқылау
Пікір
Ақан
14 Сәуір, 16

Қазақша білім алып, одан әрі өзге тілде біліміңді жалғастыру әркімнің өзіңдік қабілетіне тікелей байланысты деп ойлаймын. Егер орыс тілін жетік біліп, ол тілде пәнді меңгеруде, ойыңды жеткізуде қиындық болмаса, әрине, оқу барысында еш қиындық болмасы анық. Бүгінгі күн қазақ тілінде білім алатын топтарға қарағанда, орыс тілінде білім берілетін топтарға грантқа түсу жеңілерк. Орыс топтарныда грантқа түсу быллы төменірек. Осы себепті де, көптеген бауырларымыз бен қарындастарымыз өз мүмкіндігін жібермес үшін, орыс тілді топтарда білімін жалғастрып жатады. Олардың барлығы да нашар білім алып, универсиетті тәмамдай алмай жатыр дей алмаймыз. 

Оқуға түспес бұрын, ең алдымен өз мүмкіндігіңіз бен шама-шарқыңызға сын көзімен қарап, барлығын ақыл сарабынан өткізіп алыңыз. Оқуыңызды өзге тілде жалғастыруға не себеп? Ең алдымен, осы сұрақ төңірегінде ой жүгіртіп көріңіз. 

Барлығы да өзіңізге байланысты. Нақты мақсат қойып, діттегеніме жетемін десеңіз, жетесіз. Бірақ мақсатқа итермелейтін себеп пен уәждің де салмақты әрі күшті болғаны дұрыс. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?