Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Төле би жайлы қандай аңыздар бар?

Талқылау
Пікір
Ерболат
14 Сәуір, 16

Бір сараң бай кедейді өзіне құл етіп, егінін еккізіп, өтеміне ақы бермейді екен. Сіңірі шыққан кедей отбасын асырай алмай, шарасыз халге түсіпті. Келесі жылы байдың егіні бітік шығады. Маңдай тер, табан ақысының өтемі ретінде кедей байдың егінін орып алуға бел буады. Рұқсатсыз егінді орып алған кедейге ашуланған бай оны ұрып-соғып, басын жарады. Жуаннан зорлық көрген кедей әділдік іздеп Төле биге жүгінеді. Мәселенің мән-жайына қанық болған Төле би байды алдына шақыртып:

Таласқандарың кара жер,

Қор болмасты ойласаң,

Төрем, болдың босқа тер.

Мүсәпірдің қақын бер,

Егіншіңмен айтысып,- деген екен. Өз әрекетінен ұялған бай кешірім сұрап, кедейге ақысын берген екен.

Самат
14 Сәуір, 16

Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып,  ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан.

Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандары шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"

Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы