Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Намазхан жігіттердің бәрі – періште емес": Мөлдір Әуелбекова жас қыздарға кеңес айтты
Кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты мәлімдеме жасады
"Құрғақшылық ушығып, ылғал қоры азаяды": Маман ғаламдық жылынудың Қазақстанға әсерін түсіндірді
Қазақстанда агроөнеркәсіп саласын дамыту жобасына 15 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалмақ
"Нарцистік мінез-құлқым барын мойындаймын": Бишімбаев пен Нүкенованың отбасылық психологқа не үшін барғаны белгілі болды
Ер адамға имплант орнатпақ болған тіс дәрігері бұранданы ми қуысына тығып жіберген
Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытына бұрылған полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті
Шатасып сатып алған дәрілерді қайтаруға бола ма – Заңгер түсіндірді
"Менен 20 жыл бойы жасырып келген": Атасы мен әжесі өсірген қазақстандықтар туған әке-шешесі туралы қалай білгендерін айтып берді
"Жалған уәде бермеңіздер": БҚО-да үйі су астында қалған саяжай тұрғындары әкімдікке наразылығын білдірді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Төле би жайлы қандай аңыздар бар?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Бір сараң бай кедейді өзіне құл етіп, егінін еккізіп, өтеміне ақы бермейді екен. Сіңірі шыққан кедей отбасын асырай алмай, шарасыз халге түсіпті. Келесі жылы байдың егіні бітік шығады. Маңдай тер, табан ақысының өтемі ретінде кедей байдың егінін орып алуға бел буады. Рұқсатсыз егінді орып алған кедейге ашуланған бай оны ұрып-соғып, басын жарады. Жуаннан зорлық көрген кедей әділдік іздеп Төле биге жүгінеді. Мәселенің мән-жайына қанық болған Төле би байды алдына шақыртып:
Таласқандарың кара жер,
Қор болмасты ойласаң,
Төрем, болдың босқа тер.
Мүсәпірдің қақын бер,
Егіншіңмен айтысып,- деген екен. Өз әрекетінен ұялған бай кешірім сұрап, кедейге ақысын берген екен.
Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып, ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан.
Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандары шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"
Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.