Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қыста тоңамыз, жазда өртенеміз": Су тасқыны жағдайын сынға алғандар жазаға тартылды
"35 отбасының екеуі ғана қазақ болды": Айқын Төлепберген балалық шағын есіне алды
Бишімбаевтың туысы Байжанов көмек сұрап қоңырау шалған дәрігер сотта куәгер болды
Ресейлік "Татнефть" Қазақстанмен ортақ "Бутадиен" жобасында 100 пайыздық үлеске ие болды
"Жұдырық жұмсайды деп күткен жоқпыз": Алматыдағы автобус апатының куәгерлері оқиғаның қалай болғанын айтып берді
"Нақсүйерімен ұстап алса, түсінетін едім": Алмат Сақатов Бишімбаевтың әрекетін зұлымдыққа теңеді
"Қалған ақшаның бір теңгесін де қайтарған жоқ": Ақтөбеде ерекше балалардың ата-аналары қайырымдылық қорының иесін алаяқтық жасады деп айыптады
Ауыз су жетпейді, жалдамалы пәтер қымбаттаған: Су тасқынынан зардап шеккен петропавлдықтар аймақтағы ахуал туралы айтты
"Біз күткеннен де асып түскіміз келеді": Škoda бренді Қазақстан нарығына қайта оралды
Ақтөбеде жарнама щиті аялдамаға құлап, үш әйел ауруханаға жеткізілді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Төле би жайлы қандай аңыздар бар?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Бір сараң бай кедейді өзіне құл етіп, егінін еккізіп, өтеміне ақы бермейді екен. Сіңірі шыққан кедей отбасын асырай алмай, шарасыз халге түсіпті. Келесі жылы байдың егіні бітік шығады. Маңдай тер, табан ақысының өтемі ретінде кедей байдың егінін орып алуға бел буады. Рұқсатсыз егінді орып алған кедейге ашуланған бай оны ұрып-соғып, басын жарады. Жуаннан зорлық көрген кедей әділдік іздеп Төле биге жүгінеді. Мәселенің мән-жайына қанық болған Төле би байды алдына шақыртып:
Таласқандарың кара жер,
Қор болмасты ойласаң,
Төрем, болдың босқа тер.
Мүсәпірдің қақын бер,
Егіншіңмен айтысып,- деген екен. Өз әрекетінен ұялған бай кешірім сұрап, кедейге ақысын берген екен.
Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып, ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан.
Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандары шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"
Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.