Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Көз іліне берген сәтте денеміздің бірден дір етуінің себебі неде?

Талқылау
Пікір
Мәулен
14 Сәуір, 16

Бұл үшін еш алаң болмаңыз. Аталмыш құбылыс сізде ғана емес, барлығымызда да кездеседі. Әрине, оны түсіндіру оңайға түспейді. Әлем ғалымдары ерекше құбылыстың себебін іздеумен әлі де бас қатыруда. 

Әдетте, бұл құбылыс адам қатты шаршап, бірден ұйқыға кеткенде көрініс табады. Ұйқы уақытында адам ағзасындағы тыныс алу, жүрек ырғағы сынды өмір белгілері бәсеңдеп, қан қысымы төмендеп, ол тұтастай ұйқы барысында жалғасады. Сонымен, біз бірден ұйықтап кеткенде ағзамызда қандай өзгерістер болады?

Ағзамыз өмір белгілернінің жылдам өзгеруіне дайын болмауы себепті, бірден бейімделе алмай, өмір белгілерінің күрт бәсеңдеуін "өліммен" шатастырады. Миымыз болып жатқан құбылысты ағзаның өлімі ретінде қабылдайды. 

Өмір белгілерінің күрт төмендеуінің салдарынан, ми орын алған өзгерістер белгілі бір ағзаның қызметінің бұзылуы себепті деп қабылдай бастайды. Нәтижесінде, ми сигнал беріп, қанға кейбір химиялық заттар мен гормондар түседі. Біздің бірден ұйқыдан оянып немесе санадан тыс дір етуіміздің себебі осында жатыр.

Мұндай жағдай, көбіне, өміріңізде ұйқы жетіспеушілігі, күйзеліс орын алғанда болып жатады. 

Ерекше құбылыстың өміріңізге еш қаупі болмаса да, күн тіртібіңізді бір ретке келтіріп қоюды ұмытпағайсыз!

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?