БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аliexpress-те тапсырыс берілген заттардың жеткізілетініне сене аламын ба?

Талқылау
Пікір
Сұңғат
18 Сәуір, 16

Алиэкспресс сайтындағы алаяқтар сатып алушыларды алдаудың түрлі тәсілін меңгерген. Алиэкспресс сатып алушыларын қорғау бағдарламаларының " Сатып алушының жіберілген тауарға қанағаттанарлық жауабын алмайынша, сатушыға тауар ақшасы берілмейді", "Тауар 60 күн ішінде жеткізілмесе, ақшаңыз толығымен қайтарылады" сынды жарнамалық ұрандары өтірікке құрылған. 

Тіпті "Толығырақ мәлімет алу" сілтемесіне өте отырып, өзіңізді қай жерде, қалай тонап кететінін аңғара алмайсыз. Өкінішке орай, көптеген сатып алушылар өз басына таяқ тиіп, біраз ақшасы келмеске кеткенде ғана неге ұрынғанын түсініп жатады. 

Алиэксперсстегі экспресс-жеткізумен байланысты кеңінен танылған алдау тәсілі: DHL, EMS және т.б. Алаяқтардың сату алаңындағы қойылымдар 3-4 көрініске құрылған. Мұнда сатушы сүттен ақ, судан таза болып көрінетіні сонша, Алиэкспресстің өзі араларыңыздағы байланысқа араласпайды. Дегенмен олардың алдау әрекеттері күрделі емес және интернет-дүкендерден тауар алудан хабары жоқ сатып алушылар алданып жатады.

1-әрекет. Сатып алушы  тауарға ақша төлемес бұрын сатушымен хабарласады. Тауардың бар не жоқ екендігі, экпресс-жеткізу мүмкіндігі жайлы мағұлмат алады. Қанағаттанарлық жауап алған соң, тауар ақшасын төлейді.

2-әрекет. Сатушы сатып алушыға экспресс-қызметтің трек-нөмірін хабаралайды. Алайда оны ғаламтор арқылы бақылай алмайсыз. Дегбірсізденген сатып алушы сатушыға хабарласады. Сатушы әлдеқандай себепті тауарды экспресс-қызметпен жөнелтуге болмайтынын айтады.

3-әрекет. Тығырыққа тірелген сатушы мәселенің шешімін де оңай табады: тауарды кәдімгі пошта қызметімен жіберетінін хабарайды. Артынша тауардың ақшасын қайтара алатынын да айтады. Ал тауар ақшасын Алиэкспрессте "Диспут" ашу арқылы ғана ала аласың. "Диспут" арқылы тауар ақшасының белгілі бір бөлігін ғана алуға болады. "Жоқтан бар жақсы" дейтін сатып алушы көрсетілген сомалардың ең үлкенін таңдап, тауардан бас тартудың ұсынылған себептерінін бірін нұсқап, бас тартуға келісімін береді. Ендігі жерде тек үшінші тараптың келісім беруі ғана қалды. 

4-әрекет. Сатушы сатып алушы талап еткен соманы қайтарып беруге келісімін береді. Сол сәтте-ақ Алиэкспресс тапсырыс қызметін тоқтатып, "Орындалған" белгісімен белгілейді. Сөйтіп, алданған сатып алушы төлем сомасының біраз бөлігін ғана қайтарып алады. Тиісінше, соманың көп бөлігі сатушы қалтасында қалады. 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?