0 интересует 0 не интересует
спросил 18 Апр, 16 от Сағындық в категории Құттықтаулар және өлеңдер

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!


Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн - біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз! 


 Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін! 

ответил 18 Апр, 16 от Арман
0 интересует 0 не интересует

Туған күн - ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!


Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!


Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!

ответил 18 Апр, 16 от Асу