БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Абай жолы" романының қысқаша мазмұнын айта аласыздар ма?

Талқылау
Пікір
Ұлан
18 Сәуір, 16

"Абай жолы" роман-эпопеясында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының ғұмыры ғана емес, жарты ғасырлық қазақ өмірі мен тыныс-тірлшлігі шебер суреттеледі. Роман әу баста бала Абайдың өмірімен басталса, дана Абайдың мәңгілікке аттануымен аяқталады. Әке мен бала арасындағы түсінбестік пен пікір алшақтығы, кедей мен байдың, жуан мен әлсіздің өмірі, махаббат машақаты мен саясат шырғалаңы, барлығы да бір романның бойында тұтасады. Қодар мен Қамқа өлімінен басталған әке мен бала арасындағы түсінбестік пен салқындық тек әке мен баланың арасындағы емес, жуан мен әлсіз топтың арасындағы араздықтың көрінісі іспетті. Осы деталь арқылы ғана әке мен бала, жуан мен әлсізддің арасындағы алшақтық, екеуінің позициясы аңғарылады. Ол романдағы әрбір көріністен орын алып отырады. Абайдың сүйген сұлуы Тоғжанмен бас қоса алмауы, Ділдәмен шаңырақ көтеруі, Әйгерімге сүйіп қосылып, Еркежанды әмеңгерлікке алуы осы бір таптық көрініс пен әркімнің қара бастың қамын ойлаған саясатының шырғалаңымен тығыз байланыста жатыр. Тіпті Абай өз ағайындарының ішінен түсіністік таба алмай, тумалардың балалары да жағадан алып, жау іспетті кейіп танытады. Абай өмірінің соңы тұсына тақау үміт еткен балалары Әбдірахман мен Мағауияның, тең өскен сырлас достарының өлімі ақын жүрегін қайғы-мұңға толтыра түседі. Қазағын дұрыс жолға салып, алауыздықтан арашаламққа бар өмірін сарп еткен ақын Абай ғұмыры аяқталса да, "Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" демекші, хакім есімі мәңгі жасай бермек.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы