0 интересует 0 не интересует
спросил 19 Апр, 16 от Рүстем в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Егер үйге кене кіріп кеткен болса, мына шараларды қолға алыңыз:

  • Барлық киімдерді тексеріп, мүмкіндігіңіз болса, жуғаныңыз дұрыс.
  • Кілемдер мен көрпелердің барлығын тазалап, далаға жайып, жақсылап қағыңыз.
  • Үй ішін түгелдей шаңсорғышпен тазалап шығыңыз. Жиһаздарды да тазалауды ұмытпаңыз. 
  • Жануарлар дүкенінен "Неостомазан" үй тазалауға арналған құралын сатып алыңыз. Суда араласатырып, еденді тазалап жуыңыз. Бұрыштар мен кішкене қуыстарды ескерусіз қалдырмаңыз.
  • Киімдердің барлығына кенеге қарсы дәрі-дәрмек жағыңыз.  Сонымен қатар, үйдегі жануарларға да кенеге қарсы спрей шашыңыз. Ал өзіңізге кенеге қарсы иісмай сатып алып, денегіңзге жағыңыз.
ответил 19 Апр, 16 от Гаухар
0 интересует 0 не интересует

Кененің үйге кіріп кетуіне байланысты қиындық бірнеше сағаттан соң маңыздылығын жоғалтады. Егер аталған уақыт ішінде ешкімді шақпаса, ол өліп қалады. Үйдегі ылғалдылық кене тіршілігі үшін жеткіліксіз болғандықтан, ол мұнда ұзақ тіршілік ете алмайды. Әйтпесе, кене бағзы замандардан-ақ үйде өмір сүруге бейімделіп, көбейер еді.

ответил 19 Апр, 16 от Асқар