0 интересует 0 не интересует
спросил 19 Апр, 16 от Эльмира в категории Компьютер және интернет

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

eBay-де сіз қалаған затыңызды сатып ала аласыз. Ол келесі әрекеттер арқылы жүзеге асады:

  1. Қалаған тауарыңыздың атауын тауып алыңыз. Сайт парақшасының жоғары бөлігіндегі "Іздеу" жолағына тауар атауын жазыңыз немесе ұсынылған категория тізімінен іздеген тауарыңыздың атауын тауып алыңыз.
  2. Табылған тауар жайлы толық ақпарат алыңыз. Тауардың атауын, ол жайлы ақпаратты мұқият оқып шығыңыз. Егер тауар жайында сұрақтарыңыз туындаса, тауар сипаттамасының астындағы "Сұрақ қойыңыз" сілтемесіне өтіп, сұрағыңыздың жауабын алыңыз.
  3. Сатушы туралы пікірлерге назар салыңыз. Пікірлер рейтингігнен сатушының беделін көріп, сатып алушылар қалдырған пікірлерді оқып шығыңыз. 
  4. Ұтысқа қатысыңыз немесе "Қазір сатып алу" ұсынысын қолданыңыз. Тауар көрсетілген парақшадан оны қалай сатып алуға болатыны жөнінде мәлімет алыңыз. Сіз тауар ұтысына қатыса аласыз немесе "Қазір сатып алу" қызметі арқылы тауарды бірден сатып ала аласыз. Тауар жайлы хабарландыру жабылмайынша, барлық ұтыстың белсенді болатындығын естен шығармаңыз. Егер тауарды ұтып алсаңыз немесе "Қазір сатып алу" қызметін қолдансаңыз, транзакцияны аяқтауға міндеттісіз.
  5. Тауар құнын төлеңіз. Тауарды ұтып не сатып алғаннан кейін 3 күн  ішінде сатушыға тауар ақшасын жіберіңіз. Сатушы ұсынған электронды төлем түрлерінің бірін пайдалану үшін, тауар туралы хабарландырудағы немесе электронды поштадағы хабарламадағы "Қазір төлеу" батырмасын шертіңіз. Егер тауарды өзіңіз алып кетер болсаңыз, сатушы ұсынған кез-келген төлем түрін қолдануыңызға болады. 
ответил 19 Апр, 16 от Есімхан