0 интересует 0 не интересует
спросил 18 Окт от Замира в категории Қазақ әдебиеті

27 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жауапты бірнеше бөлікке бөліп жариялаймын

1847 жылы Қырғыздың бай шонжары Орманхан шешесіне ас береді. Осы асқа қазақ пен қырғыздың игі жақсылары бас қосады. Қазақ ақыны Сүйінбай мен қырғыз ақыны Қатаған да осы жиында кездеседі. Екеуі осы жиында көптің сұрауымен айтысады. Қырғыз елінің шоң манабы Бәйтік қазақтан келген қалың топқа: “Тезек төре! Мына бадана көз, сұлу жігіт Сүйінбай ақын емес пе?!” – деді. Осыдан кейін Сүйінбай ағаның айтқаны келесідегідей:

Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға, 
Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік, 
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік. 
Атақты ас-жиынды құттықтауға, 
Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік. 
Қыран бүркіт қашқан аңға. 
Хане Жатай, Қара Бәйтік, Әтекеңе, 
Келіп ем амандаса Орман ханға.
Арғы атаң ер Әтіке, батыр Жантай, 
Басыңа кидің бөрік қызыл алтай. 
Қанаттас қырғыз елін көрмек үшін, 
Боларын осы астың күттік алты ай. 
Бас қосқан екі халық ұлы жиын, 
Келген соң сөйлеу керек сөзден қайтпай. 
Қол жайып, құран оқып өткендерге, 
Аруағым атам қырғыз келдім жоқтай. 
Алдына қалың қырғыз келгеннен соң, 
Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?! 
Қырағы аспандағы ақиықпын, 
Құмарым басылмайды борандатпай!

ответил 18 Окт от Тоқманбет
редактировать 18 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жауатың жалғасы 2

Осыдан кейін қара жігіт қарғып тұрып, қолына домбырасын ала айғайды салып, Сүйінбайға тиіседі. Ол Қатаған болатын:

Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді, 
Ояйын ба көзіңді! 
Ақын мен деп ойлайсың, 
Мен тұрғанда өзіңді! 
Қисық ағаш кездесті, 
Басыңнан өлең жаудырып, 
Бір құрайын тезімді! 
Барың болса қарышта, 
Барар жерің сезілді! 
Келіп қапсың байқамай, 
Өлетұғын жеріңді, 
Көрсетейін деп өзіңе, 
Қазулы тұрған көріңді! 
Ажал айдап келген соң, 
Саған өлім тегін-ді! 
Тентіреп жүріп қаңғырып, 
Былғама шалқар көлімді! 
Қара жалым хан Орманхан, 
Жантай, Бәйтік бегімді! 
Сыртыңнан іздеп, жүруші ем, 
Келтірді Құдай кезіңді! 
Түстің бе бәлем қолыма, 
Үрлейін мес қып теріңді! 
Қатырлатып та шайнайын, 
Қыбырлаған жеріңді! 
Ай, Сүйінбай, Сүйінбай, 
Сүйінбай маған бұйым ба-ай! 
Сүйінбай сені жеңермін, 
Ешкімге де сиынбай! 
Айтысатын ақынсың, 
Бір қалаштық тиынға-ай! 
Керегің жоқ Қырғызға,       
Керегің Қазақ жиынға-ай! 
Келіп қапсың ордама, Қатағанды тұйынбай!

ответил 18 Окт от Тоқманбет
редактировать 18 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 3

Боз жапалақ сен едің, 
Қияқты сұңқар мен едім, 
Тырнағыма ілінсең, 
Қалмайды желкең қиылмай! 
Осы жерде жеңілсең 
Кірмессің қайта жиынға-ай! 
Еліңе сонсоң қайтарсың, 
Көзіңнен жасың тиылмай! 
Арманда қалма Сүйінбай, 
Ақында болсаң байқайын, 
Басыңнан өлең жаудырып, 
Миыңды біраз шайқайын! 
Айтыспаймын да сенімен, 
Сес көрсетіп қайтайын! 
Көптігімді-ау айтайын, 
Байлығымды-ау айтайын, 
Менің атым Қатаған, 
Қоңыр Бөрік асында, 
Бес жүз жылқы матағам! 
Сүйінбай тәуір ақын деп, 
Мұның несін атаған! 
Құс мойынды, қоян жон, 
Тұлпардан туған жатаған! 
Бай мырзаңды қоса ғып, 
Айтысыам деп менімен, 
Өлтіріп алма қападан! 

ответил 18 Окт от Тоқманбет
редактировать 18 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 4

Сүйінбай сенен жеңілсем, 
Қатаған болмай қатайын, 
Көк шешектен жатайын! 
Қырғызға әкеп мақтанып, 
Беш тиынға-ау сатайын! 

Әскер тартып барғанмын, 
Сөзімнің тапшы жалғанын, 
Әскер тартып барғанда, 
Өзімдікі болмап па ед, 
Қойныңдағы жарларың! 

Атқа да мінген арларың! 
Кенесары төреңнің, 
Басын кесіп алғанмын, 
Науырызбайдай бегіңді, 
Итіме сүйреп салғанмын! 
Заты жаман Сүйінбай, 
Кәне кегіңді алғаның! 

ответил 18 Окт от Тоқманбет
редактировать 18 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 5

Алам деп кегің жүргенде, 
Ішіңде кетер арманың! 
Ау, көптігімді де айтайын. 
Орауыз, қара бурадай, 
Шала сөйлеп жатпайын! 

Күніне шауып жараған, 
Жүйрік жалын тараған, 
Қара Бәйтік бегім бар, 
Падишадан шен алған, 
Орманханға балаған! 
Аузына Қырғыз қараған! 
Батыр Жантай бегім бар, 
Егізек пен Тоғызақ, 
Бұғы деген қырғызым, 
Маңдайға біткен жұлдызым! 
Қырғыз болып аттансам, 
Өзімдікі емес пе! 
Қазақтағы бар қызың! 
Қызың тұрмақ құл болар, 
Босағаңдағы жалғызың! 
Қаңғырып жүрген қазағым, 
Қимылдашы кәнеки.

ответил 18 Окт от Тоқманбет
редактировать 18 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 6

Сүйінбай ақын сені ме,
Меніменен айтыссаң,
Кіргізермін әкеңнің,
Өзенді жерге бас ұрған,
Қазулы тұрған көріне!
Кезеңді жерді-ау асырған,
Қазақтың шауып жылқысын,
Алдына салып айдаған!
Байлық десең, бізде бар,
Батырлық десең, бізде бар!
Ел шетінен айтайын,
Сарыбақ үш мың дұлым,
Жағамдағы құндызым! 

ответил 18 Окт от Тоқманбет
редактировать 18 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 7

Маңдайдағы жұлдызым,
Бұғы деген жұртым бар,
Байлық десең, мұнда бар,
Көптік десең, мұнда бар!
Беттік десең, мұнда бар,
Көкше қоян құмда бар,
Біздей ерчі қайда бар!
Қасар ұры деген қырғызым,
Сары рудан қозғасам,
Тең келмес оған қаруың!
Ауадан былай көп Солта,
Найзасын тасқа жаныған,
Тұлпар мініп жаратқан,
Жанды аузына қаратқан! 

ответил 18 Окт от Тоқманбет
редактировать 18 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 8

Сонда Сүйінбай Қатағанға келесідегідей жауап берген екен:

Қашырма төре, қаныңды,

Кіргізейін жаныңды,

Қатағаннан жеңілсем,

Талап алғын малымды!

Іздегенім осы еді,

Іздегенім табылды.

Қатаған сөзден жаңылып,

Өз-өзінен жаңылды.

Қызып тұрған темірге,

Өзі келіп қарылды!

Нарескенге жолықтың,

Шашамын судай қаныңды.

Болаттан құрыш қылышпын,

Алтыннан соққан сабымды! 

ответил 18 Окт от Альбина
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 9

Қабағын шытса Сүйінбай,

Тарту қылып тартарсың,

Қойныңдағы жарыңды,

Айдап келіп берерсің,

Алдыңдағы малыңды,

Малың түгіл барыңды!

Жүйрік аттай көсілсем,

Көре алмассың шаңымды,

Алжыған тазы секілді,

Аңыламай шаптың аңыңды.

Заты жаман Қатаған,

Иттігің қашан арылды! 

ответил 18 Окт от Тамара
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 10

Жаңадан сөзім жаңада,

Мақтанып жүрсің Қатаған!

Бес алты біткен танаға,

Кенесары, Наурызбай!

Қырғызды барып бес шауып,

Келтірген аузын тобаға!

Төрелерін кергілеп,

Апарып тыққан молаға,

Бұл Құдайдың қазасы,

Қазаға қарсы бола ма?

Заты жаман Қатаған,

Маңайыма жолама!

Әрнәрсені бір сөйлеп,

Әркімді бір даттайсың,

Алжып аңға шыққанша,

Үйде неге жатпайсың? 

ответил 18 Окт от Қарақат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 11

Байлығың сенің белгілі,

Бұтыңды отқа қақтайсың,

Жаздай егін айдайсың,

Жалғыз бұзау байлайсың!

Түр-түрлікті қоймайсың,

Сүйінбай сынды ақынды,

Жеңемін деп ойлайсың,

Қарсы шапқан қырғиға,

Ажалы жеткен торғайсың!

Көн шоқайың бұлтылдап,

Көмекейің жылтылдап,

Аз қонаққа ақ сұрап,

Көп қонаққа қап сұрап,

Қазақ жақын келгенде,

Келмеуші ме едің мал сұрап! 

ответил 18 Окт от Айдана
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 12

Көппін деп айттың Қатаған,

Көптігің сенің қайда бар,

Үш атаның ұлысың,

Қазағымды қаптатсам,

Жұртта қалған күшіктей,

Айдалада ұлырсың!

Шапырашты елім бар,

Асқар таудай белім бар!

Байтақ жатқан елімнен,

Шапыраштыға сенім бар.

Тұлпар мініп жаратқан,

Жауын жеңіп қаратқан!

Маған қандай теңің бар?

Сұраншы, Саурық аттанса,

Сыртқы жауға өлім бар! 

ответил 18 Окт от Шырын
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 13

Қарасайлап аттанса,

Дұшпанға қазған көрім бар!

Шапырашты қалың ел,

Жауды көрсе қаптаған,

Сабыр қылып саспаған.

Қарасай үлкен ер еді,

Есімі елге белгілі.

Асыл заттың бірі еді,

Аруағы дүркіреп,

Басылмай әлі келеді!

Тұлпар шапса талмаған,

Бар қазақтың ұлында,

Онан асқан болмаған! 

ответил 18 Окт от Гуми
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 14

Даңқты батыр болмаған!

Даңқты батыр ер еді,

Бүкіл қазақ жиналса,

Қарасай білсін дер еді!

Мен Қарасай ұлымын,

Нар келдемнің түрімін.

Айтулы ердің бірімін,

Шапырашты батыр ел,

Батыр туған мен едім!

Менменсіген мықтының,

Талайын жеңген ер едім.

Сұраншы, Саурық кезінде,

Қайссың бетке кеп едің?

Құдияр хан мен Орманды,

Алдыма салып қуғанда,

Білінбей кетті дерегің! 

ответил 18 Окт от Лунара
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 15

Қаршыға тиген шілдей қып,

Сондағы туған мен едім!

Қырғыз, Қазақ елдесіп,

Тыныштықта тұрғанда,

Анау мынау демегін!

Шапырашты ішінде,

Қалың жатқан асылым.

Артық менің нәсілім,

Шыбыл менен Айқыным,

Маңдайдағы айқыным!

Екей деген ақын ел,

Өлең таппай қиналсаң,

Айтысқанда бізге кел.

Есқожа деген батыр ел,

Көсе көсе көктеген.

Бүкіл қазақ халқында,

Оған ерлік жетпеген!

Онан бері айтайын,

Қалың жатқан Ошақты,

Атамыз қойған осы атты.

Талай елді олжалап,

Талай жерді босатты! 

ответил 18 Окт от Рақымберді
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 16

Жасаған жауға осы атты,

Батырлары көп шығып,

Алтыннан сауыт жасатты!

Ошақты деген батыр ел,

 Ішіндегі атақты!

Қатаған ақын оңбайды,

Тіл тигізіп халыққа,

Аруаққа тас атты!

Онан бері Ыстым бар,

Алатаудай күштім бар.

Қазағым атқа қонғанда,

Қатаған артың мұштыңдар!

Сол Ыстының ішінде,

Ойық пенен Тілігім бар.

Барлығы түгел қозғалса,

Сырқырар сенің жілігің! 

ответил 18 Окт от Зүлфия
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 17

Елдесіп отырған екі елдің,

Қалаймысың бүлігін?

Шағыстырған жұртымды,

Жақпады маған қылығың!

Атағы жоқ Қатаған,

Құрысын сенің ырымың!

Онан бері Сары Үйсін,

Ұлы жүздің бәрі Үйсін!

Екенімді Сүйінбай,

Осыларды қаптатсам,

Енді «батыр» танисың.

Есеңгіреп еліңнен,

Ұмыт болар тарихың!

Онан бері Қаңлым бар,

Қаңылыны қаптатсам,

Аузы басыңды қан қылар!

Қолыңдағы барыңды,

Қойныңдағы жарыңды,

Тартып алып зар қылар! 

ответил 18 Окт от Дастан
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 18

Шанышқылыны қаптатсам,

Кең дүниеңді тар қылар.

Қожа менен Тоғышақ,

Сәлделері бір құшақ.

Қали пірім өз жұртым,

Сахарадан жөнейтін,

Көлден ұшқан қу құсап!

Онан бері Сіргелі,

О, да бір жұрт іргелі.

Жігіттердің бәрі де,

Теке жәуміт мінгені.

Дүниенің қызығы,

Тамаша дәурен сүргені!

Іледен ары өтейін,

Жалайырға жетейін.

Он екі атаның ұлы еді,

Абақ, Тарақ жұртым бар. 

ответил 18 Окт от Алина
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 19

Ақ Көбікті өлтірген,

Орақ батыр сонда бар,

Арғы атасын айтайын,

Қоғалы көлді шалқытқан,

Туған айды балқытқан,

Сөзге шешен Балпықтан,

Он екі ата Жалайыр,

Аршынға қолын сермеген,

Маңына дұшпан келмеген!

Батыр деген сол елде,

Найзамен шаншып ет жеген.

Ажалдан бұрын өледі,

Ыңғайына көнбеген!

Тұлпар деген сол елде,

Алтын Ордада бағылып,

Дорбада тұрып жем жеген!

Сұлу деген сол елде,

Ашпаған бетін пендеге,

Еркектерін ардақтап,

Өмірі адам көрмеген!

Батырлары жасанып,

Аттары кетпес кермеден,

Қазақ деген батыр ел,

Ешкімге намыс бермеген! 

ответил 18 Окт от Абзал
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 20

Онан әрі Дулатты,

Батырлары көп шығып.

Талай жерді шулатты,

Спатай аңдас Бәйсейіт,

Қарсы келген дұшпанын,

Садақ тартып найзамен,

Қылышпен кесіп турапты!

Төрт Дулаттың баласы,

Жердің жүзін жасырған.

Ерегескен дұшпаны,

Алдына келіп бас ұрған!

Былай барсам Сиқымым,

Сиқымымды қозғасам,

Басыңа салар қиқуын!

Онан бері Жанысым,

Жанысымды қозғасам,

Жанып кетер намысым!

Батырлары көп шыққан,

Ешкімге бермес намысын,

Қалай екен шабысым?

Сөзімді енді байқап көр,

Қатаған қайта барысып!

Онан бері Ботпайым,

Ботпайымды қозғасам. 

ответил 18 Окт от Ерік