0 интересует 0 не интересует
спросил 18 Окт от Жандарбек в категории Қазақ әдебиеті

7 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жалғасы бар

Қазақтағы негізгі ұйқас түрлері мыналар:

1. Қара өлең ұйқасы

2. Шұбыртпалы ұйқас

3. Ерікті ұйқас

4. Кезекті ұйқас

5. Шалыс ұйқас

6. Егіз ұйқас

7. Аралас ұйқас

8. Осы күнгі ерікті ұйқас

Қара өлең ұйқасы деп – бұрыннан келе жатқан ұйқас түрлерін айтамыз. Қазақ фольклорындағы көптеген ұйқастар осы ұйқас негізінде құралған. Яғни бірінші, екінші, төртінші жолдары өзара ұқсайды. Ал үшінші жолы ұйқассыз бос қалып отырады. Мұндай ұйқас түрлері тек 11 буынды өлеңдерде емес, 7-8 буынды өлеңдерде де кездеседі.

Мысалы, Абайдың мына өлеңі:

Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді,
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді.

Өздеріңіз көріп отырғандай үшінші жолы бос қалып отыр. Қалған 1-2-4-тармақтары “-ді” қосымшасымен аяқталып отыр. 

ответил 18 Окт от Ақжарқын
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 2

2. Шұбыртпалы ұйқас

Бұл ұйқас Абай, Махамбет және Жамбыл өлеңдерінде көп кездеседі. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқас келеді. Арасында ұйқасқа сай келмейтін тармақтар да жүреді.

Мысалы, оны Махамбеттің келесі өлеңінен көруге болады:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай, Тебіңкі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

ответил 18 Окт от Шерзат
редактировать 19 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 3

3. Ерікті ұйқас

Кей өлеңдерде бірнеше ұйқас өзара аралас болып келеді. Ерікті ұйқас түрі көбінесе жырларда кездеседі:

Мысалы, “Қобыланды батыр” жырын алып қарайық:

Сіздер кейін тұрыңыз,

Құртқа баққан Тайбурыл

Қара жалды, қыл құйрық

Жылқыдан қалмас дегіздім.

Сенің анаң мен едім,

Менің балам сен едің.

Бір көрсетпей қараңды,

Ғайыптың құсы сен болып,

Қай тарапқа жөнедің?!

Артықша еңбек қылып ем

Осындай қиын жерлерде.

Үстіңдегі сұлтанды,

Тарықтырмай, біздерді,

Көрсетер ме екен? – деп едім.

Көңілімдегі арманым –

Болмашының сөзімен

Қырық үш күнің кем еді.

Қартаудың жылғасы,

Бауырыңда ойнар құлжасы.

Тәңірі неден жараттың

Төмен етек ұрғашы?!

Аламын деп қинайды

Діні бұзық болмашы.

Шырағым сүйген ақ дене

Болар ма жаудың олжасы?!

ответил 18 Окт от Шах-Керім
редактировать 19 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 4

4.Кезекті ұйқас

Шұмақтың бірінші жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасса, мұны кезекті ұйқас дейміз.

Оған Абайдың мына өлеңі мысал бола алады:

Сәулең болса кеудеңде,

Танымассың, көрмессің,

Мына сөзге көңіл бөл!

Қаптаған соң көзді шел.

Егер сәулең болмаса,

Имамсыздық намазда,

Мейлің тіріл, мейлің өл!

Қызылбастың салған жол.

Кезекті ұйқас осы ретпен келеді. Егер өлеңнің бір шұмағы 4 жолдан тұрса, 1-3 жолдар бос қалып, 2-4 жолдар ұйқасады. Үнемі жұп жолдар ұйқасады. 

ответил 19 Окт от Архат
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 5

5. Шалыс ұйқас

Осы ұйқасқа құрылған өлеңдерде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол өзара ұйқасады. Ал өлең шұмағы төрт жолдан аспайды.

Оған Абай мен Пушкиннің мына өлеңдері мысал бола алады.

Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

***

Шалыс ұйқас мұнымен қатар 11 буынды өлеңдерде де кездеседі.

Сол қатаң кезде еркіндік ұранды айттым,

Дедім мен жаншылғанға: көзіңді аш!

Аяйтын сезімді де мен ояттым,

Сондықтан сүйер халық, мені ұмытпас. 

ответил 19 Окт от Айсұлтан
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 6

6.Егіз ұйқас

Бұл ұйқас түріне құрылған өлеңде ұйқастар үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Шұмағы не сегіз, не алты жолдан құрылады.

Оған Абайдың мына өлеңі мысал бола алады:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәћра ала алмас.

Қиналма бекер, тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ — ойға олақ.

Бұл жерде бастапқы екі жол егіз ұйқаспен ұйқасады. Ал үшінші орын бос қалып, кейін алтыншы жолмен ұйқасады.

ответил 19 Окт от Алпамыс
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 7

7. Аралас ұйқас

Аты аталған 6 ұйқастың араласып келетін кездері болады. Мысалы, бір шұмақтың бірнеше тармағы шұбыртпалы ұйқастан, кейінгі бірнешесі егіз ұйқастан, кейінгісі шалыс ұйқастан тұрады.

Бұл ұйқас түріне Абайдың келесі өлеңі мысал бола алады:

Ата-анаға көз қуаныш –

Алдын алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі.

Еркелік кетті,

Ержетті,

Не бітті?

Бір шұмақ 7 тармақтан құралады. Бұл шұмақтың алғашқы 4 жолы шалыс ұйқастан, соңғы 3 жолы шұбыртпалы ұйқастан тұрады.

ответил 19 Окт от Жандарбек