0 интересует 0 не интересует
спросил 22 Окт от нурик в категории Денсаулық

4 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Сұрағыңызға рахмет! Керекті кеңестеріңізді әрдайым сұрап тұрыңыз. Жауапты бірнеше бөлікке бөліп жариялаймын. Себебі, сыймай жатыр. 

Көзіңізді сваркі әсерінен күйдіріп алған болсаңыз, әлсіз марганец ерітіндісі немесе қайнатылған сумен жуып жіберіңіз. Артынша 2%-дық Лидокоин тамшыларымен жансыздандырыңыз. Кейін инфекцияның алдын алуға Визин көмектеседі. Ал шырышты қабықты ретке келтіру үшін Сикапротектіні пайдаланыңыз. Бірақ, осылардан кейін міндетті түрде офтальмолог маманға жолығыңыз.

Қазақшылыққа салынып, кез келген дәріні қолдана берудің қажеті жоқ. Сол себепті, алдын ала дәрігерге міндетті түрде қаралып, қандай тамшыны қолдану керектігін сұрап алып отырыңыз. Әдетте Алкаин, Лидокаин, Тетракаин (3 күн 1 күнде 3 реттен) тамшылары жақсы көмектеседі. Ал ісінуді басуға Визин, Прокулин, Визоптин (2 күн 2 реттен) тамшыларын пайдаланыңыз. Ал антибиотиктерден Левофлоксация, Гентамицин, Тобрамицин (5-7 күні 4-5 реттен) тез емделуге көмектеседі. 

ответил 26 Окт от Әсел
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 2

Ал үйдегі заттардан мыналарды пайдалануыңызға болады:

Шай

Шай пакеттерін қайнатып, кейін бөлме температурасында суытыңыз. Көзіңізге 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Егер үйде тек қораптағы шай болса, оны да қайнатып, марлінің көмегімен тампондар жасауыңызға болады. Бұл процедура конъюнктив тамырларын тарылтып, ауырсынуды басады.

Картоп

Сваркіден кейін көзіңіз күйіп жатқандай ауыра ма? Олай болса, картоптан маскі әзірлеңіз. Ол үшін 2-3 картопты алып тверкіден өткізіңіз. Артынша картопты марліге салып, көзіңізге 30 минутқа қойыңыз. Ол ауырсынуды басып, көзді суытады.

Бал

Қайнаған ыстық суға 2 ас қасық бал қосып араластырыңыз. Артынша мақтаны осы қоспаға батырып, көзіңіздің үстіне 30 минутқа қойып қойыңыз. Бал қызарған мен ауырсынуды басады. 

ответил 26 Окт от Әсел
0 интересует 0 не интересует

Жалғасы 3

Түймедақ

Сваркіден кейін көзіңіз қарауытып тұрса, осы қоспаны пайдаланыңыз. Дәріханалық түймедақ сатып алып, 2-3 ас қасығын 1 стақан ыстық суға салыңыз. 10 минут бөлме температурасында суытыңыз. Кейін компресстерді 10-15 минутқа салып қойыңыз.

Алоэ

Алоэ жапырақтарын майдалап турап, үстіне ыстық су құйыңыз. Кейін 2 сағатқа қойып қойып, компресс ретінде тұтыныңыз. Өсімдіктің сусыны ісінуді басады.

Орамжапырақ

Оның әр үйден табылатыны анық! Оны еттурағыштан өткізіп, кейін көзіңіздің үстіне жағып қойыңыз. Артынша жуып тастаңыз.

ХХІ ғасыр мамандары мұндайда психоанализге жүгінген дұрыс деп есептейді. Себебі, өмірінде бірнәрсені қабылдай алмай жүргендердің, яғни өмірінде бірнәрсені көргілері келмейтіндердің бейсаналы түрде көздері ауырады. Бәлкім, сіз де өміріңізде болып жатқан бірнәрсені көргіңіз келмей жүрген шығарсыз?

ответил 26 Окт от Әсел
0 интересует 0 не интересует
Мысалы сиздин козинизге сваркынын саулеси асер етсе 1  картоптын  ортасынан  болип  козимизге 10 минутка койсак козимиздин ауруы кетеди ,  жане дарилерди жагуга болады
ответил 4 дней назад от Касиет