Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балабақшада Наурыз мейрамын қалай атап өтуге болады?

Талқылау
Пікір
Раушан
11 Ақпан, 16

Балабақшада Наурыз мейрамын атап өтуге арналған іс-шаралар

Мереке жүргізушінің қуанышты күн, көктем күні, бейбітшілік пен береке күні Наурыз мейрамының келгенін жариялауынан басталады.

Бұдан кейін балалардың бірі Наурыз мейрамы міндетті түрде күлкі үні ғана сыңғырлайтын бақытқа толы күн екенінен хабар беріп, әр отбасына бақыт, шаттық, тыныштық тілейтін өлең жолдарын оқиды.

Әр бала мейрамның мағынасын түсініп, оған құрметпен және сүйіспеншілікпен қарау үшін әрқайсысы да мерекенің аталып өту барысынан қалыс қалмауы керектігін түсінуіміз керек. Балалардың бірін қалдырмай, барлығына өлең оқу, көрініске қатысу, өлең айту, би билеу сияқты шараларды бөліп беру керек.

Одан әрі қыз балалар шығыс биін билейді. Енді балаларға мейрамның тарихы мен мағынасын, бұл күннің тек мереке ғана емес екендігін, сонымен қатар туған жеріңе сүйіспеншілік танытып, ағаш отырғызып, бұлақ көзін ашып, үйіне де тазалық орнататын күн екенін түсіндіруіңізге болады. Осы арада құрамына 7 түрлі азықтық заттар қосылып жасалынатын дәстүрлі тағамымыз «Наурыз көже» жайлы, мейрам кешінде міндетті түрде ақындар айтысы, ән-жыр орын алатындығы туралы айта кеткеніңіз жөн.

Әрі қарай Наурыз мейрамының келуінің жай-жапсарын ұғындыратын көрініс қойылады. Көріністе қыз бала мен ұл баланың қатысуы арқылы қыс пен көктем мезгілінің арасындағы күрес көрсетіледі.

Әрине, жыл мезгілдерінің жаманы жоқ. Бірақ қыс мезгілінде жұт болып, халық ашаршылыққа ұшырағандықтан, бұл мезгіл көшпенді халықтар үшін жау іспеттес болған. Осы себепті де, көшпенді халықтардың жақсы өмір сүруі үшін мамыражай көктемді жеңгіземіз.

Көктем жеңгенде қуанып, ән айтып, би билеуге болады. Ортаға әнші шығып, бүлдіршіндермен бірге Наурызды қарсы алуға арналған өлең айтады.

Мерекеде ойналатын ойындар қатарына балалар белсендік танытып қана қоймай, мейрамның мән-мағынасын ашуға бағытталған ойындар таңдап алынады.  

Бірінші кезекте бүлдіршіндерді қырағылыққа үйрететін ойын ойналады. Ол үшін балалар кезектесіп допты шеңберге немесе алдын ала дайындалған нысанаға лақтырады.

Ал балаларға қазақ дәстүрлерін үйрету үшін, зейінділіктерін дамытуға арналған ойын түрін қолданамыз. Ойын барысында балалар айтылған пікірлерге келісетін болса қол шапалақтап, келіспейтіндіктерін жер тепкілеп білдіреді. Мысалы, жүргізуші: «Хачапури - қазақтың ұлттық тағамы»,- десе, балалар жер тепкілеу керек.

Мереке бүлдіршіндерге Наурыз мейрамына тән дәстүрлі тағам түрлерін үлестірумен аяқталады. 

Мерекелер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Азамат
1 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамы қай елдерде тойланады?

1
Айнагүл
1 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мерекесі қалай тойланады?

0
Adlet
3 жылы бұрын пайда болды

Қарттар күнімен құттықтау?

1
Гүлжанат
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз көженің құрамына кіретін жеті өнім қандай?

1
Парасат
7 жыл бұрын пайда болды

Неліктен 1 сәуір күлкі күні аталды?