Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Өз аккаунтымды бұзудан қалай қорғай аламын?

Талқылау
Пікір
Ғани
20 Сәуір, 16

Гаджетіңізбен дұрыс жұмыс істей біліңіз: қауіпсіздік бойынша кеңестер.

  1. Сілтеме көрсетілген күмәнді хаттарды, SMS хабарламаларды, мессенджер хабарламаларын ескермеуге тырысыңыз (олар қауіпті болуы мүмкін).
  2. Құпиясөз қойылмаған вай-файмен жұмыс жасамаңыз. Ондай желілерде түпнұсқалық болмайды. Тиісінше, қорғалмаған байланыс арқылы жіберген мәліметтеріңіз алаяқтардың қолына түсуі мүмкін.
  3. Қосымшаларды тек ресми дүкендерден ғана жүктеңіз. Андройд платформасындағы Windows Phone Store және App Store құрылғыларынан жүктеген қосымшаларыңыз тек  Google Play-ден ғана емес, басқа да дүкендерден жүктелуі мүмкін. Ол қауіпсіз емес.
  4. Құпиясөзді барынша күрделі етуге тырысыңыз. Әр аккаунт пен сервистің өз құпиясөзі болғаны дұрыс. Бұл ретте гаджет экраныны құлыпталуын да ескеріңіз. Әдеттегі 1234 құпиясөзінің жарамайтыны анық. 
  5. Гаджет платформасын қайта орнатпағаныңыз дұрыс. Ол гаджетіңіздің оперциялық жүйесінің қорғанысын бұзады.
  6. Операциялық жүйе мен орнатылған бағдарламалық қамтамасыздандырудың барлығын жиі жаңартып отырыңыз. Бір жақсысы, мобильдік платформалар жаңартуларды автоматты түрде жүктеп, қолданушыдан орнатуға рұқсат сұрайды. Бұл біраз мәселені жеңілдетеді.
  7. Сақтық көшірмесін жасап тұрыңыз. Сақтық көшірмесінің автоматты түрде жасалып тұрғаны ләзім. Оған қоса,  мәліметтерді өшіріп не құрылғыны құлыптай алатындай құрылғыңызды қашықтықтан басқаруға мүмкіндігімен баптаңыз.
  8. Құрылғыңыздың өндірушілері ұсынатын қорғаныс қосымшаларының тізімін қарап шығып, қажетін орнатыңыз.
  9. Әрқашан құрылғыңызға мұқият болып, сақ жүріңіз!
Компьютер және интернет категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Big Data дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Чип дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

html дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Веб-сайт дегеніміз не?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Таргет дегеніміз не?