Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Қойлыбайдың қобызы" тақырыбындағы эссе бар ма?

Талқылау
Пікір
Арай
03 Шілде, 18
Сол арқылы Мағжан Жұмабаевтың туған елінің басына түскен қиындықты, қалың тұманды қалай сейілтерін ойлағаны білінеді. Сондықтан бұл шығармада Қойлыбай мен оның қобызы сөз болса да, ақынның еліне деген сүйіспеншілігі мен алдағы тағдырына алаңдағаны байқалады. Мағжан Жұмабаев - елінің азаттығын, көркеюін, гүлденуін және халықтың сауаты артуын қалаған қаламгер. Бүгінде оның арманы орындалды десек те болады. Себебі еліміздің тәуелсіздігін алып, өз алдына дамып жатыр. Қазіргі уақытта халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Мектеп табалдырығын аттаған балаларға үш тілділік бағдарламасы бойынша үш тіл үйретілуде. Өз ана тілімен қоса, орыс және ағылшын тілдерін үйреніп шыққан баланың болашағы жарқын болатыны анық. Бұл да Елбасының халықтың рухани дамуы, жаңғыруы үшін жасап жатқан еңбегі деп білемін. Сондықтан еліміздің ертеңі жарқын, шаңырағы биік, босағасы берік боларына сенемін.
Арай
03 Шілде, 18
Бұл туындыда қобыздың құдіреті туралы айтылады. Яғни өнерден асқан жүйрік жоқ екені сөз болған. Бәйгеде қаншама жүйрік шапқанымен, Қойлыбайдың қобызы оларға дес бермейді. Құйындатып отырып, көштің алдына шығып, бәйгеден озып келеді. Менің ойымша, бағзы замандағы қобызшылардың арқасы, көріпкелдігі, бақсылығы болған. Қобызшы Қойлыбай да мұндай қасиеттен шет қалмаған адам. Ол қобызын бәйгеге қосқанда-ақ оның озып келетінін білген еді. Сондықтан да бәйгеге қатысқан балаға қобызын сексеуіл ағашына байлап кетуін сұрады. Сондай-ақ, қобызшының бала күнінен жындармен дос болуы тылсым әлемнен сыр шертеді. Қойлыбайдың жындардың көмегімен дүлей күшке ие болуы оның ерекшелігі де сияқты. Алайда ақын шығарма соңында Қойлбайдай бақсы, дүлей күш иесі болсам, мына заманды өзгертер едім дейді. Яғни ақын сол арқылы елінің Ресейдің боданынан құтылғанын аңсайтыны, заманын өзгертуді қалайтыны байқалады.
Арай
03 Шілде, 18

Найман ішінде Қойлыбай деген бақсы, қобызшы болған екен. Ол бала күнінен жындармен дос болған. Олардың ішіндегі ең сенімді жолдасы Қақаман атты жын еді. 

Бір күні қалың найман жиылып ас береді. Екі жүз атты бәйгеге қосып, көпшілік Қойлыбайға бәйгеге қобызын қосуды айтады. Барақ батырдың өзі Қойлыбайдан сұраған соң, Қойлыбай бәйгеге қобызын қосады. Бәйге алдында балалардың ішіндегі ептісіне көзі түсіп, оған қобызын сексеуілге байлап кетуін тапсырады. Бәйге басталып, кіл жүйрік даланы дүбірлете шапқанда бала қобызды сексеуілге байлайды. Бәйге басталысымен-ақ Қойлыбайдың бойын күш кернеп, қолындағы қылышын қобыз етіп ойнап, күллі даланы күңірентіп, азынатады. Қызыл жел тұрып, дауылдан ештеңе көрінбей кетеді. Аузынан ақ көбік ағып, қалш-қалш еткен Қойлыбайдың сенгені Қақаман жын еді. Ол жолдасының сенімін ақтайды. Бір сәтте межеге жақындаған аттар қарасы көрінеді. Ішінде топ жарып Қойлыбайдың қобызы келеді. Қақаман жын қобызды сексеуілімен бірге жұлып алып, жүйріктердің алдын бермеген еді. 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы