Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Рухани жаңғыру тақырыбында шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Сәлімбек
01 Қараша, 17

Жалғасы 1

Мұнымен қатар, танымал брендтердің киімін киіп, қымбат көлік айдап, бизнеспен айналысып жүрген адам сол уағызшыларға қарағанда дінге жақынырақ болуы мүмкін. Олар бар болғаны ішіндегі жансырын ақтармайды. Себебі, құдай мен адамның арасындағы байланыс – жұртқа жария болуы міндетті емес. Яғни рухани жаңғыра отырып, жетістіктерімізбен өзгелермен бөлісіп, өзгелерді өзіміз таңдаған жолға тартуға міндетті емеспіз. Осы тұста рухани жаңғырудың не екенін шатастырмайық.

Мұның барлығы рухани жаңғыру тек ішімізде қалып қоюы тиіс деген сөз емес. Рухани жаңғырған адам материалдық тұрғыдан да бай болады. Осы жетістіктерін міндетті түрде ешкімге көрсетпесе де, қайырымдылық арқылы бөлісіп отырады.

Бұдан кейін рухани жаңғыру деп мен адамның өзінің өткен тарихын, ата-бабасының жүрген жолын сыйлап, алғыс айтуын айтар едім. Себебі, таудың биігіне, жетістіктің шыңына шыға отырып, өткен өмірге алғыс айту қиын. Қиын болмаса да, ұмытып кетіп жатамыз. Олай болса, әр күнімізді алғыс айтудан бастайық. 

Сәлімбек
01 Қараша, 17

Рухани жаңғыру тақырыбындағы шығарма (Жалғасы бар)

Кез келген адам баласы дүние есігін ашқан соң есейе келе алдына мақсат-міндеттер қояды. Меніңше, ең басты өмірлік міндетіміз – рухани жаңғыру. Себебі, адамның жан-дүниесі байымай тұрып, материалдық байлыққа қол жеткізе алмайды. Қазақта “Өлі разы болмай, тірі байымайды” деген жақсы сөз бар.

Бірақ, рухани жаңғыру дегеніміз не? Осыны талдап алайықшы. Рухани жаңғыру деген кезде ойымызға бірінші болып мешітте намаз оқып отырған немесе уағыз тыңдап отырған көп жамағат көз алдымызға елестейді. Біреулер өзі намазға жығылып, мешітке барып жүрсе, өзгелерді де осы жолға түсіруге тырысады. Отырған жерінде уағыз айтып, өзге жұрттың мазасын алады. Білесіз бе? “Адамдарды кешіруіміз керек. Қателіктеріне көз жұма қарауымыз керек” деп айтатын адамдардың іші кекке толып тұратынын білесіз бе? Яғни уағыз айтушылардың барлығы жақсы немесе кешірімді деп ойлаудың қажеті жоқ. 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы