Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Рухани жаңғыру тақырыбында сабақ жоспары бар ма?

Талқылау
Пікір
Рәбиға
01 Қараша, 17

Жалғасы 1

3. Бұдан кейін Ұлттық бірлікті сақтап қалу мәселесі қаралады. Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ал кемелдену дегеніміз жаңашылдыққа ілесу ғана емес, ұлттық дәстүрлер мен тілімізді, музыкамыз бен әдебиетімізді, салт-жоралғыларымызды дәріптеу. Яғни осы тұста ана тілі туралы бірнеше оқушыға өлең оқытылады.

4. Халықтың даму жолында білімнің бірінші орында тұратыны анық. Сол себепті, алдыңғы тапсырмаларға қатыспаған оқушылар шығып, тақтадағы сөзжұмбақты шешеді. Мұнымен қатар, аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау ойыны ойнатылады.

5. Оқушылардың бір-біріне деген сенімін арттыру үшін топтық ойындар ойнатылады. Ол үшін бір оқушының құлағына күй ойнап тұрған құлаққап кигізіліп, осы оқушы екінші бір оқушы айтқан сөзді шешеді. Яғни құлаққан киіп тұрған оқушы екінші бір оқушының сөзін естімейді. Сол себепті, күйдің дауысын қаттырақ шығарған жөн. (Мысалы, “Адай” күйі).

Осыдан кейін тәрбие сағатына қатысушы ұстаздарға сөз беріліп. Тәрбие сағаты үйге тапсырма берумен аяқталады. Ал оқушылардың жетістіктері бағамен емес, жеміс-жидек формасындағы карточкалармен бағаланып отырады.

Рәбиға
01 Қараша, 17

(Жалғасы бар)

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттап, патриоттық сананы ынталандыра отырып ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойындағы ұлттық сананы оятып, жас ұрпақ санасына қазақ халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
Оқыту нәтижесі: “Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар” идеясын ары қарай дамыта түсу.

Мұғалімнің іс - әрекеті: Түрлі ойындар мен көрнекіліктер арқылы оқушылар арасындағы достықты нығайтып, патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Таныстырылым: Біздің еліміз Тәуелсіз мемлекеттер қатарында. Ол өзінің жаңа өміріне қадам басқалы бері мақсатын айқындап, бағытын белгілеп қойған. Алдағы уақытта әлемдегі ең мықты 30 елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр. Осы ортақ мақсатымызға жету үшін әр азамат өзінің бойында патриоттық сезімді дамытуы тиіс.

1.Осыдан кейін екі оқушы шығып тақтада тұрған Қазақстан туралы мәліметтерді кезек-кезек таныстырып шығады. Яғни еліміздің экономика-бизнес, мәдениет, спорт және т.б. салалардағы жетістіктерін саралайды.

2. Тарихқа оралып, 5 оқушы Қазақ хандығының құрылу кезеңін еске алады. Яғни осы Тәуелсіздік алғанға дейін қандай қиындықтарды бастан өткергенін айтып өтеді. 

Ұстаздарға категориясындағы басқа сұрақтар
0
Дариха
1 ай бұрын пайда болды

“Қана” ма әлде “ғана” ма?

Бала емес ересектеу екенбіз,

Дайын аспен, уйімізге бөтенбіз,

Бауыр менен ата-ананы сағынсақ,

Барып қайтар қонақ ғана

екенбіз.- осы өлеңде қонақ - "ғана" дұрыс жазылған ба? немесе дұрыс -" қана" - сөзі жазылу қажет пе?

0
Marzhan
3 жылы бұрын пайда болды

«Тәрбие» сөзіне көптік жалғау жалғана ма?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Қазақ тілі туралы шығарма бар ма?

2
3
Қарашаш
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа мамандықтар туралы сабақ жоспары бар ма?