Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жүктіліктің өту барысы жұлдызнамаға байланысты ма?

Талқылау
Пікір
Тыныштық
21 Сәуір, 16

Әйелдердегі жүктілік барысына назар саласақ, кейбірінде бәрі де бірқалыпты болса, ал кей әйелдер босанғанға дейін төсек тартып жатады. Барлығына да ағзамыздың ерекшелігі кінәлі ме? Ия. Тұқым қуалаушылық, әйелдің жасы, созылмалы аурулар жүктіліктің өту барысына ықпал етеді. Бірақ денсаулығы жақсы әйелдердің де жүктілік уақытындағы жағдайы әр түрлі болып жатады. Оның себебі неде? Жұлдызнама көмегіне жүгініп көрейік.

  • Тоқты. Тоқты белгісінде туылған әйелдерде жүктілік ойдағыдай болып, жылдам өтеді. Босанғаннан соң өмір ырғағы өзгеретіндітен, бұл кезеңде аналар барынша жұмыс істеп қалуға тырысады. 
  • Торпақ. Торпақ белгісіндегі әйелдер өз жүрегі мен ағзасына жиі құлақ қояды. Денсаулығы сәл ғана сыр берсе, олар әрі-сәрі халге түсіп, дереу ауруханаға жүгіреді. Торпақтар пысық келеді. Сондықтан балаға керек киімдер мен заттарды алдын-ала сатып ала бастайды.
  • Егіздер. Бұл белгідегі әйелдер жүктілікті болуы тиіс қалыпты құбылы деп есептейді. Олар күнделікті тіршілігіне еш өзгеріс енгізбейді. Шылым шегі, ішімдік ішу сынды зиянды әдеттердден аулақ болуы мүмкін, алайда таңнан кешке дейін үйде отырып, баланың жөргектерін үтіктей қоймайды. 
  • Шаян. Шаян белгісінде туылған әйелдер жүктілікке асқан жауапкершілікпен қарайды. Олар үшін ана болу - өмірдегі басты міндет. Бір қызығы, шаян белгісіндегі әйелдердегі жүктіліктің өту барысы жеңіл болады. Мүмкін, оның себебі тұрмыстық машақат пен ана болуға дайындықта жатқан болар. 
  • Арыстан. Арыстан белгісінде туған әйелдердің жүктілігін кез-келген жерде көрсетіп, пайдаланып қалуға тырысатынына күмәнданбаңыз. Денсаулығы мықты, қуаты көп болса да, олар адамдардың еркелетіп, қамқор болғанын қалап тұрады.
  • Бикеш. Ана болуға шешім қабылдаған бикештердің баласына арнап киімдер жинап қойғаны анық. Баланың оқуына да ақша жинап қойса ғажап емес.
  • Таразы. Бұл белгіде туған әйел адамдар өзінің жүктілігін аяқасты біліп жатады. Таңғалатын түгі де жоқ, олар үшін әлдекімге беріле ғашық болу түкке де тұрмайды. Әдетте таразы белгісіндегі әйелдерде жүктілік жеңіл өтеді және күнделікті тіршілігін жалғастыруға бөгет болмайды.
  • Сарышаян. Сарышаян белгісіндегі әйелдердің мінезі жүктілік уақытында адам төзгісіз сипат алады. Бірақ олар ана болуға тыңғылықты дайындалады: балаға арналған заттарды алдын-ала жинап, бала күтімі жайлы кітаптар оқи бастайды.
  • Мерген. Мерген белгісіндегі әйелдердің бала күнінен ана атануды армандағанына қарамастан, бұл армандары кеш орындалып жатады. Жас күнінен-ақ өмірдің дәмін сезінген мергендер жүктілікті екінші жоспарға ысырып қояды. Бірақ жүктілік оларға ешқашан бөгет бола алмайды. Мергендер өзінің ерекше күйін мансаппен де, спортпен де қатар алып жүруге дайын. 
  • Тауешкі. Тауешкі белгісіндегі әйел жүкітлікті жоспарламас бұрын, тұрмыс-тіршілігін реттеп алғанды жөн көреді. Өмірлік серігі мен балаларының әкесін жіті таңдап, жүктілік кезіндегі демалыстан соң қайтып келе алатындай жақсы жұмысқа орнығады. Бұл белгідегі әйелдердің жүктілік уақытында денсаулығы сыр бере қоймайды. Десе де жүйке жүйесін сақтауды ұмытпауы керек.
  • Суқұйғыш. Суқұйғыш қыздардың ерте жаста аяғы ауырлап жатады. Болашақ сәбиінің әкесін де дұрыс таңдай бермейді. Суқұйғыштар бала күннен-ақ ана болуды армандайды. Сондықтан күні бойы балалар дүкенін аралап, жүктілік жайлы кітаптар мен ғаламтордан бас алмауы мүмкін.
  • Балық. Балық белгісіндегі әйелдер өте сезімтал және ерке болып келеді. Олар жақындарының қамқорлығы мен назар аударуын қатты талап етеді. Осы тұрғыда олар өздерін жалғыз әрі өзгелерге керексіз сезінуі мүмкін. Тек қамқорлық пен махаббат қана олардың көңіл-күйін көтеріп, жаман ойлардан арылтады.
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?